Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттерінің отыздығына кіру жөніндегі Елбасының «100 нақты қадам» жоспары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің маңызды саяси бағдарламаларының бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда Министрлік театр, музыка және концерт қызметі, хореография, цирк өнері, киноөндіріс, көркемсурет өнері, мұражай ісі және археология, сәулет өнері мен дизайн, хореография, кітапхана ісі, әдебиет және кітап шығару жөніндегі көркемдік кеңестердің ережелері мен құрамын бекітті. Олардың құрамына көрнекті шығармашылық тұлғалар, шығармашылық одақтар мен мәдениет ұйымдарының басшылары, мамандар, қоғам қайраткерлері кірді.
Шығармашылық зиялы қауымның өкілдері репертуарды, гастрольдік қызметті қалыптастыру, кадр саясаты мәселелерін шешуге бағытталған шоғырландырылған тұғырнамасы бар мәдени саясатты іске асыру, сондай-ақ облыстық театрлар мен музыка ұйымдарының кадр саясаты мәселелерін шешу жолдарын талқылады.
Ведомства басшысы хабарлағандай, Министрлікте шығармашылық ұйымдардың репертуарлық саяси мәселелерін шешу, ол жөнінде ұсыныс енгізу, мәдени мекемелердің шығармашылық көрмелерін, шығармашылық ұжымдардың репертуарлық жоспарларын қарау, гастрольдік қызметті қалыптастыру, және т.б. шаралар бойынша жұмыстар қолға алынды. Ол көркемкеңестердің алдағы уақытқа арналған басты мақсаттары мен міндеттеріне де тоқталып өтті.
«Қала мен ауыл халқының театр өнеріне теңдей қол жеткізуін қамтамасыз ету, сондай-ақ, қазақстандық үздік қойылымдарды халықаралық театр кеңістігіне ілгерілету мақсатында гастрольдік және фестивальдық қызметті ұйымдастыру тәсілі қажет. 2030 жылға қарай еліміз кәсіби шеберлік пен шығармашылық өсудің жетекші халықаралық мектебіне айналуы тиіс», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Сонымен қатар, министрдің хабарлауынша, «Астананы Еуразияның іскерлік, мәдени және ғылыми орталығына айналдыру» туралы Ұлттық жоспардың 69-шы қадамын жүзеге асыру мақсатында министрлік Елордада ірі мәдени ұйымдарын құруды жоспарлап отыр. Нақты айтқанда, құрамына «Астана Мюзикл» Театры, Бейбітшілік және Келісім халықаралық мұражайы, «ЮНЕСКО орталығы» РМҚК және «Астана Концерт» мемлекеттік концерт ұйымы» РМҚК кіретін «Бейбітшілік және Келісім Сарайы» Өнер орталығы құрылады.
Сондай-ақ отырыс кезінде қазақстандық музыка мәдениетінің сақталуы мен насихатталу мәселесі көтерілді. Мәдениет және өнер саласындағы жетекші мамандары отандық композиторлар мен классикалық музыканы орындаушыларды жан-жақты қолдау қажеттігін бірнеше мәрте сөз етті. Айтып кету керек, қазақ дәстүрлі музыка өнерінің сақталуы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы Халықаралық конвенцияны орындаудың басты бағыттарының бірі болып табылады.
Театралдық, музыкалық қызмет және киноөндіріс көркемдік кеңестерінің бірінші отырысына аймақтық басқармалар мен департаменттердің, облыстық театр, концерттік ұйымдар мен филармониялардың, кинодирекция басшылары, және аталмыш салалардың көркемдік кеңес мүшелері қатысты.
Еске салып кетсек, Мәдениет және спорт министрлігінің жанында көркемдік кеңестерді құру өткен жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген ҚР Мәдени саясатының тұжырымдамасында көзделген болатын.
по материалам: mks.gov.kz