2015 жылдың 7 маусымында «Алтын Тұлпар» ат спорты кешенінде «Қазақстандағы Гран при Тушиа» атпен жүру интерклубты конкур өтті. Жарысты Италия Елшілігі мен «Тұлпар» және «Алтын Тұлпар» спорт клубтары ұйымдастырды. Ат жарысында италяиндық «Маремма шабандоздары» командасы мен отандық клубтардың өкілдері қатысты. Интерклубты конкур Қазақстанның қазіргі бессайыс Федерациясы және Қазақстанның ат спорты Федерациясының қолдауымен өтті. Қазақстандағы Италияның әскери атташесі Винченцо Мауджеридің сөзіне қарағанда осындай спорттық іс-шараларды өткізу атлеттардың халықаралық жарыстар алдындағы өздерінің деңгейлерін тексеріп алуына ықпал етеді.
Спорттық іс-шара конкуры төрт категориядан – әуесқойлар, балалар, жасөспірімдер және кәсіпқойлардан тұрды. Бұл категориялар бойынша Қазақстандық қазіргі бессайыс Федерациясының спортшылары да қатысты. Ат үстіндегі кедергілерді жеңу бессайыстық спорт ережесі болып табылады.
Жарысқа италияндық команда жергілікті жылқыларды пайдаланды, алайда өздерінің дәстүрлі Маремма ет-тоқымдарын қолданды. Ұйымдастырушылардың айтуынша италияндық ер-тоқымдар мен күнделікті өмірде қазақтар пайдаланатын ер-тоқымдардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ.
Қазақстандағы Италия Елшісі Стефано Раваньян:
«Қазақстандағы Гран при Тушиа» - бұл осындай деңгейде өткен бірінші іс-шара. Біз ынтымақтасудамыз, өйткені қазақстандық спортшылардың мүмкіндіктерінің жоғары екендігін көрудеміз. Сол себепті де біз ат спорты аясында қарым-қатынасымызды арттыра түсеміз. Аталмыш іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен Италия арасындағы ат спортына қатысты ортақ ұқсастықтарды табу, яғни екі елдің мәдени қарым-қатынасының дамыту.
Сәрсенбаева Гүлнара – қатысушының Анасы:
«5 жылдай біздің ұлымыз ат спортымен айналысады. Жаттығу жұмыстары күні бойы жалғасады және демалыс күндері мен қатар апта бойы да жалғасады. Ат спорты денсаулық үшін өте пайдалы және жасөспірімдерді жылқыларға деген қызығушылықтарын арттыратыны анық.
Жақсылықов Азамат – «Алтын Тұлпар» бапкері:
Мен ат спортымен 7 жасымнан бастап айналысамын, қазіргі таңда конкурға маманданудамын. Балаларды баптаймын, олармен бірге ат спортынан елімізді атынан халықаралық жарыстарға барамыз. Сырттан қараған адамға жылқыны басқару оңай болып көрінгенмен ол олай емес. Жылқыны уақытында секірту үшін және керек бағытта басқару үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қарғуды есептеу керек аса маңызды, себебі жылқының бір сермегені адамның 4 қадамына тең. Ат нүктеге келіп, қарғу үшін шабандоз жылқыны артқа итереді. Негізгі өнер көрсететін жылқы тұқымдары еуропалық голшатин, ганноверлер, голландық жылы қанды, бельгиялық жылы қандылар.
Оразалиев Берік, «Алтын Тұлпар» жетекшісі:
«Конкур – бұл ат спортын жақсы көретіндер үшін үлкен оқиға. Осы жылдың ақпан айында біз, Франция Елшілігімен бірігіп жарыс өткіздік. Хаылқтар арасындағы ат жарысын ұйымдастыру – жақсы дәстүр, біз оны жалғастыруды көздейміз.
Көрермендердің назарына италияндық «Буттери» және қазақ спортшысы Ержан Мағжаевтың орындауында шоу көрсетілді.
Балалар арасындағы конкурдың жеңімпаздары болып: 1орын – Толуғалиев Жанет, 2 орын – Жарикова Дарья, 3 орын – Джурабаева Карина алды. Жасөспірімдер арасында: 1 орын – Катина Виктория, 2 орын – Ғани Аян, 3 орын – Сызбаева Анель иеленді. Әуесқойлар категориясынан бірінші орынды – Асонион Тери, 2 орын – Закиева Альмира, 3 орын – Өтеғұлова Лейла қанжығасына байлады. Кәсіпқойлар арасында 1 орынды – Прилепская Ирина, 2 орын – Хасенов Азамат, 3 орынды – Досмаилов Ануар иеленді.
Жеңімпаздарға сыйлық ретінде ең алғаш үлгісі XIX ғасырда жасалған италияндық ер-тоқымдарды табыс етті. Интерклубты контур жарысы қазақстандық және италиян халықтарының өзара жақындастығын, жылқы төліне деген екі халықтың махаббатын көрсетті. Екі халықтың бірлігі Қазақстан мен Италия арасындағы әріптестік қарым-қатынасты дамытып, ат спорты жарыстарының елде кең дамуына ықпал етеді.