Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ЮНЕСКО-мен ынтымақтасуда

07.06.2015 19:02 1846

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жылдың маусым айының 4 мен 7 аралығында қазақстандық делегация, құрамында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов, ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюро мәселелері бойынша маманы Юрий Пешков және профессор Рафис Абазов ЮНЕСКО ұйымдастырған «2003 ж. Материалды емес мәдени мұраны қорғау туралы Конвенция қызметінің әлеуетінің бағалау тетіктерін нығайты» және ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде (Париж, Франция) бірқатар кездесулер өткізді.

Соның ішінде, ЮНЕСКО-ның мәдени мұра бағдарламасы бөлімінің мамандары Хелена Дробной, Сессиль Дувел және Сьюзен Шнутген арасында ЮНЕСКО-ның жұмыс істеп тұрған Азия-Тынық мұхиты аймағындағы материалды емес мәдени мұраның міндеттері, рәсімдері, мандаттары мен жұмыс тетіктері жайлы қарастырылды.

 ЮНЕСКО-ның Азия-Тынық мұхиты аймағы мәдени секторының бағдарламалық мамандары Роланд Лин Чи-Хунг, Фенг Джинг және ЮНЕСКО-ның Азия-Тынық мұхиты аймағы мәдени секторының бағдарламалық маманының көмекшісі Хе-сенг Шиммен кездесу барысында қатысушылар Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жағдайы мен Тамғалы шатқалының мәселелерінің жоспар-менеджменті мен есебі талқыланды.

Қазақстандық делегация үшін ЮНЕСКО-ның әлеуметтік мәдениаралық диалог пен гуманитарлық ғылым Секретариаты бөлімінің бастығы Прайс Анн Белинда және ЮНЕСКО-ның әлеуметтік мәдениаралық диалог пен гуманитарлық ғылым Секретариаты бағдарламасының маманы Сяолинг Ченгпен Қазақстанда келешекте ЮНЕСКО-ның қорғауындағы 2 категориялы Орталықты құру мәселесі көтерілді.

ЮНЕСКО-ның мәдени мұра құқықтық қорғау саласының маманы Эдуард Планше мен ЮНЕСКО-ның мәдени мұраны қорғау шарты бөлімінің маманы Мария Минаномен болған кездесу барысында тараптар 2016 жылы ЮНЕСКО Конвенциясы 1970 «Мәдени құндылықтардың заңсыз саудасына қарсы күрес» тақырыбында семинар өткізу мүскіндігін қарастырды. Қазақстандық делегация аталмыш семинарды Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының жаңадан салынған Ұлттық Музейінде өткізуді ұсынды. Кездесу барысында семинарға қатысатын ЮНЕСКО сарапшыларының саны мен сапалы құрамы жайлы және семинардың бағдарламасы талқыланды.

Алғыс белгісі және ары қарайғы нәтижелі ынтымақтастық жөнінде, сондай-ақ достық әріптестік қарым-қатынас белгісі ретінде Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов ЮНЕСКО-ның қызметкерлеріне кітаптар мен дисктердің түпнұсқасын сыйға тартты.

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ЮНЕСКО-ның Алматылық Бюросы мен Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшігіне ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерімен танысқаны үшін және кездесуді ұйымдастырғаны үшін шексіз алғысын білдіреді.