Қазақстандағы Италия Елшілігі Қаз ҒЗМИ атына алғыс хат жіберді

12.06.2015 16:02 1821

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2015ж 10 маусым

Құрметті Хазбулатов мырза,  «Қазақстандағы Тушиа» интерклубты ат жарысы конкурының аяқталуына және іс-шараның өте жақсы деңгейде өткізілуіне байланысты Сізге және Сіздің қызметкерлеріңізге үлкен алғыс білдіремін. Аталмыш жарысқа 4 категория бойынша 67 спортшы қатысты. Кәсіпқойлар категориясының  шабандоздары мен жылқылары Қазақстан атынан қатысатын алдағы жарыстар бойынша ұлттық және халықаралық сынақтарға дайындықтарының керемет екенін көрсетті.

Жарыстың мәдени бөлігі де үлкен жетістікке қол жеткізді: 7 маусымдағы Маремма шабандоздары мен Қазақстан шабандоздары көрермендер алдында өз шеберліктерін көрсетіп, мамандар мен көрермендер жоғары баға берді. Бұдан бөлек италияндық делегация Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейін аралап, Көкпардан Қазақстан шабандоздары мен Маремма шабандоздары арасындағы жаттығу ойындарын тамашалап, атпен жүру өнерінің шеберлігін тәжірибе жүзінде іске асқанына куә болды.

Осыған байланысты, Сізге екі ат спорты клубының және менің барлық қызметкерлерімнің атынан ынтымақтастық және аталмыш іс-шараны ұйымдастыру бойынша көрсеткен көмігіңіз үшін Сізге және Сіздің Институтыңызға шексіз алғысымды білдіруге рұқсат етіңіз. Аталмыш іс-шара олимпиядалық және дәстүрлі ат спортының кең таралуына септігін тигізетіні анық.

 Осы жағдайды пайдалана отырып, Сізге деген аса құрметімізді білдіреміз!

                                                                                                   ӘСКЕРИ АТТАШЕ

                                                                  генерал-майор Винченцо МАУДЖЕРИ