Абай опера және балет театры Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған балет ұсынады

16.06.2015 09:47 1831

 

 

16 маусым, 2015. Алматы. Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының ұжымы Қазақ хандығына 550 жыл толуына орай бірқатар мәдени шаралардың циклін өткізбекші.

Маусымның 20-21 күндері театр сахнасында ең басты мәдени оқиға — «Ұлы дала аңыздары» қойылымының премьерасы өтеді.

Жаңа қойылым қазақтың белгілі композиторлары Нұрғиса Тілендиевтің, Мыңжасар Маңғытаевтың, Ғазиза Жұбанова, Мансұр Сағатовтың, Тілес Қажығалиевтің, Алмас Серкебаевтың, Әділ Бестібаевтың музыкалық шығармаларына негізделіп жазылған.

«Бұл Абай атындағы театрдың қазақ балет өнерінің дамуына қосқан үлесі ғана емес, қазақ мемлекетінің тарихына деген құрметінің белгісі. Қазақ елінің терең тарихына, мемлекеттілігінің күшеюіне деген құрмет бүгінде Қазақстанның рухани дамуының, ұлы даланыңмәдениеті мен дәстүрінің сақталуының берік негізі болып отыр. Бірлік пен бейбітшіліктің арқасында Қазақ хандығы ғасырлар бойы үстемдік құрды», — деді қойылым тобы.

Екі бөлімнен тұратын «Ұлы дала аңыздары» қойылымында балетмейстер ҚР халық әртісі Гүлжан Түткібаева, дирижер Ерболат Ахмедьяров, суретші СофьяТасмағамбетова, Павел Драгуновтың біріге жасаған еңбегін көреміз.

по материалам: mks.gov.kz