2015 жылдың 9 маусымында Қаз ҒЗМИ бас директоры А. Хазбулатов Қазақстандағы италиян археологиялық экспедициясы директоры Джан Лука Бонора және Италияның мәдениет Министрлігінің археологиялық мұра басқармасының аймақтық мәдениет пен пейзаждық мұра басқармасының маманы Лука Меркуримен кездесу өткізді.
Кездесуде «Мәдени менеджмент» және «Тамғалының инфроқұрылымын жақсарту және ары қарай дамыту Жобасы» қаралды.
Жиын барысында екі ғылыми жобалар мен ғылыми-зерттеу және білім беру базалары және ғылыми жобалар аясындағы институттардың біріккен қызметінің мәселелері қарастырылды. Италияндықтар өз тараптарынан «Археологиялық терминдердің мультилингвистикалық сөздігі» кітабы жобасын бірігіп жүзеге асыру туралы ұсыныс білдірді.
Айта кететіні, профессор Джан Лука Бонора қазақ, орыс, ағылшын, италиян тіліндегі сөздікпен 2012 жылдың қазақ айынан бастап жұмыс жасап келеді. Сөздік өз тұрғысынан алғанда тек Қазақстанда ғана бірігей емес, сонымен қатар Ресейде де танымал. Кітап орасан зор мәдени-ғылыми әлеуетке ие және археология мен ежелгі тарих аясындағы ғылыми-зерттеу қызметтеріне арналған. «Археологиялық терминдердің мультилингвистикалық сөздігі» тағы да бір ерекшелігі, археология ғылымы саласында ең алғаш рет қазақ тіліндегі терминдардың пайда болуы. Профессор қазақ, ағылшын, орыс, италиян тілдерінде салыстырмалы талдаулар жүргізіп, мемлекеттік тілдің тең терминология ретінде мүмкіндігін ашуға тырысады.
Кездесу соңында италиандық делегация Қаз ҒЗМИ бас директорын жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтып, екі жақтың ары қарай бірлесіп жұмыс жасайтынына және серіктестік қарым-қатынастың достық деңгейде болатынына үміттенетіндерін білдірді.