Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтына «2015 жылдың сала көшбасшысы» мәртебесі берілді.

19.06.2015 12:40 1832

2015 жылдың 16 маусымында Ұлттық бизнес-рейтинг Кеңесі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтына статистикалық саралау нәтежиесі бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу  ақпараты негізіне сәйкес жоғары қаржылық-экономикалық көрсеткіш бойынша «2015 жылдың сала көшбасшысы» айтулы рейтингтік бағдарламасының марапаты табысталды.

Қаз ҒЗМИ-дің жетекшілер құрамына салтанатты түрде жеке марапаттар табысталды. Институттың бас директоры А. Хазбулатовқа «Экономика мақтанышы» Ордені мәртебесі, бас директордың орынбасары А. Төлешке «Кәсіби қызметі үшін», бас бухгалтер С. Байбусынованы «2015 жыл маманы» номинациясы сертификатымен марапаттады.

Бағдарлама құрылтайшыларының сөзіне қарағанда, ұлттық бизнес-рейтингтің көшбасшылары жаңа формациялық заманауи кәсіпорындар өздерінің қызметі арқылы елдің келешегін анықтайтын адамдар болып табылады. Олар бизнестің жаңа стандарттарын енгізеді, жүйеге жаңа заманауи технологиялар енгізеді, әлемдік тәжірибені белсенді түрде зерттеп, жаңа бастаулар ашуға ұмтылады.