Санкт-Петерборда 26-27 маусым аралығында ҚР Тұңғыш Президенті музейі қорының материалдары қойылған «Қазақстандық жол» атты көрме өтеді.
Көрме Тұңғыш Президент музейінің халықаралық әріптестік жобасы аясында ұйымдастырылады. «Қазақстандық жол» көрмесінде қойылатын материалдар Н.Ә.Назарбаев тұлғасын әр қырынан тануға мүмкіндік береді.
Фотоматериалдар қатарында болашақ Қазақстанның қалыптасу тарихындағы маңызды реформалар мен оқиғалар айшықталған суреттер бар. Олардың қатарында Семей ядролық сынақ жүргізу полигонының жабылуы, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі, Конституцияның қабылдануы, астананың Алматыдан Ақмолаға көшірілуі сынды тарихи оқиғалар бар.
Экспозицияда Қазақстан қоғамында конфессияаралық татулық пен бейбітшілікті сақтау тақырыбы, 1995 жылы Елбасының бастамасымен құрылған Этникааралық татулықтың тамаша институты — Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше орын алып отыр.
по материалам: mks.gov.kz