ТҮРКСОЙ 2015 жылғы астанасы Мары қаласында (Түркменістан) «Түркі әлемі заманауи классикалық музыкасының жауһарлары» атты концерті өтті. Шараны Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы және Түркменістан мәдениет министрлігі бірлесе ұйымдастырған болатын.
Мары қаласының ортасында орналасқан «Рухыет» Сарайының сахнасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Қанат Ахметов пен дарынды түркмен дирижеры Ровшан Несепов бастаған Түркменістан Симфониялық оркестрі, сегіз түркі мемлекеттерінің әншілері мен музыканттары өнер көрсетті.
Кеш бағдарламасына түркі әлемі композиторларының шығармалары еніп, олардың көпшілігі алғаш рет орындалған болатын. Концерт қонақтары Балнұр Қыдырбектің (Қазақстан) «Ақтау сарыны», Рауф Әлиевтің (Әзірбайжан) Түркменістан Президентіне арнаған "Туркменнама" және қырғызстандық Мұратбек Бегалиевтің «Мерекелік увертюрасын» тамашалай алды. Шығармалары алғаш рет орындалып жатқан бұл композиторлар Марыға музыкалық өнердің мейрамына қатысу үшін әдейілеп келді.
Сонымен қатар, Түркменістан Симфониялық оркестрі сүйемелденуімен құрай (Рамиль Гайзуллин, Башқұртстан, РФ), дойра (Ровшанджон Юнусов, Өзбекистан) және қыл қобыз (Алина Матаева, Қазақстан) аспаптарындағы соло өнер көрсетулер болды. Түркмен көрермендері Селман Аданың «Али-Баба және қырық қарақшы» операсының Нұржихан ариясын орындаған стамбулдық опера әншісі Бурчин Савигне мен Қ. Молдобасановтың "Селкиге" әнін орындаған Қырғызстан халық әртісі Каримберди Тураповты қызу қарсы алды.
Кеш құрметті қонақтарының арасында Түркменістанның вице-примьері Майса Язмухаммедова, меджлис төрайымы Акджа Нурбердиева, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркменістан Министрлер кабинетінің мүшелері болды.
по материалам: mks.gov.kz