2015 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Бала және мәдениет» жобасы аясында елорданың ең кішкентай тұрғындары мен қонақтары үшін «Астана — бас қала» музейлік балалар мерекесі өткізіледі.
Елорда күніне орай балалар мерекесін ұйымдастыру игі дәстүрге айналды және бұл Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен Астана қ. Білім басқармасының мектепке дейінгі мекемелерімен арадағы жемісті ынтымақтастығының нәтижесі болып табылады. Ағымдағы жылы бұл мерекеге № 35 мектепке дейінгі «Ертегі" бөбекханасының тәрбиеленушілері қатысады. Бағдарламада: вокалдық қойылым, музыкалық және би нөмірлері, ойын тренингтері. Балалардың Астанаға тарту ететін бұл қызықты, жарқын есте қаларлық мерекесі қуанышқа, шат күлкіге және балалардың сыңғырлаған дауыстарына толы болмақ.
Бүлдіршіндер қазақ халқының аңыздарынан үзінділер көрсетіп, елорда туралы, достық пен бақытты балалық шақ туралы өлеңдер мен әндер орындайтын болады.
Барлық қатысушыларды ұйымдастырушылардан тосынсыйлар мен сыйлықтар күтеді.
по материалам: mks.gov.kz