«Астана балет» театры «Ақ түн жұлдыздары» фестивалінде өнер көрсетеді

30.06.2015 11:02 1767

 

«Астана балет» Театры Санкт-Петербургта өтетін  «Ақ түн жұлдыздары» атты 23-ші  фестивальде бірактілі  «Жусан» және  Кармен» балеттерін ұсынады. Ұжым Мариинский театрының сахнасында 2015 жылдың 7 мен 8 шілдесінде өнер көрсетеді.

Мариинский театрының сахнасында ұлт тарихы жайлы  қазақстандық «Жусан» балеті және ұжымның жаңа қойылымы – «Кармен» балеттері ұсынылады.  «Ақ түн жұлдыздары»  музыкалық  фестивалі  Ресейде  ғана емес, одан да басқа жерлерде де кеңінен танымал. Ол классикалық  музыка,  опера және балеттің дәстүрлі жазғы парадына айналып отыр. 2015 жылдың фестивалінде Мариинский театрының үш сахнасы мен  төрт  камера залында 200- ге жуық спектакльдер мен концерттер өтеді.  Фестивальді ұйымдастырушылар  маусымның премьераларын, есте қаларлық спектакльдер мен әлемдегі  анағұрлым тартымды орындаушылардың өнерлерін бағдарламаға енгізген.

«Астана балет» Театры осынау фестивальге екінші рет  шақырылып отыр. Өткен жылы өткен «Ақ түн жұлдыздары» 22-ші музыкалық  фестивалінде ұжым  «Әлем» бірактілі  балетін  қойды (Никита Дмитриевскийдің хореографиясы). 2015 жылдың  «Ақ түн жұлдыздары» музыкалық фестивалінің бағдарламасына қазақстандық жас  хореограф және  «Астана балет» Театрының бас режиссеры Мукарам Авахридің екі  спектаклі  енгізіліп отыр.

«Жусан»  балеті  осы маусымның тартымды премьераларының біріне айналды. Отандық  хореография тарихында тұңғыш рет сахнада ұлттық тарихқа арналған қойылым жасалынды.  «Жусан» - бұл хореография тілімен өрнектелген  халқымыз бен даламыздың тарихы. Терең мазмұнға толы, ерекше  спектакльде Қуат Шілдебаевтың,  Сергей Рахманиновтың, Арво Пярттың, Карл Дженкинстің музыкасы шырқалады.   Қуат Шілдебаевтың әуендері спектакльдің негізгі қазығына айналған. Мукарам Авахри музыкалық тақырыптар мен койылым драматургиясының дәл үйлесімін таба білген. Балет дала тынысы мен туған үйдің жылылығына, қасірет азабы мен қайта даму қуанышына,әсем сұлулық пен отанға деген махаббат сезіміне  толы. 

«Кармен» балеті осы маусымдағы соңғы премьера. Жас «Астана балет» Театры тұңғыш рет белгілі тарихи тұлға мен әдеби кейіпкердің бейнесін сомдаған спектакльді ұсынып отыр.Кармен жайлы әлемдік хореографияда он бес шақты балет қойылған.Барлық балеттер Проспер Мерименің новелласына негізделген.  Казақстандық хореограф Мукарам Авахри  Карменнің махаббаты  мен қасіретін өздігінше бейнелейді.   Құсқа қанат бітіргендей классикалық махаббат оқиғасын өзінше бейнелеген оның басты кейіпкері сан қырлы: әрі батыл, әрі еркіндік сүйгіш.

по материалам: mks.gov.kz