Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы «Ұлы дала жаңғырығын» ұсынады

01.07.2015 11:05 1724

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жылдың 3 шілдесінде Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала жаңғырығы» көрмесі ашылады.

Көрерменге ұсынылып отырған  экспозицияның басты мақсаты қазақ халқының тарихындағы өзінің жеке мемлекеттігін қалыптастырудың түрлі кезеңдеріндегі көзге көрінетін және көрінбейтін байланыстарын тауып, өткен мен бүгіннің сабақтастық идеясының бейнелеу және қолданбалы өнері амалдарында көрсетілуімен тұжырымдалады.

Қазақ хандығының құрылу кезеңінің басы деп есептелетін XV ғасырдағы тарихи оқиға, дәлірек айтқанда, 1465 жылғы Жәнібек және Керей сұлтандардың Моғолстанға, Шу өзенінің жағасына көшіп баруы мерейтой көрмесін өткізуге себеп болды. Осылайша, Орталық Азияда жаңа мемлекет – Қазақ хандығы пайда болды. Керей сұлтан – бірінші қазақ ханы. Жас мемлекет жайдан-жай қалыптаса қойған жоқ. Ол үздіксіз күреспен, өзіндік ұлттық біртектестікті ізденумен, біртұтас халықтың өзін-өзі тануымен қатар жүрді. Қазақ мемлекетінің қалыптасуына зор үлес қосқан Қасым хан, Хақназар хан, Әбілқайыр хан, Абылай хан, Кенесары хан сияқты көрнекті тарихи қайраткерлер патриотизмнің, ерлік пен келер ұрпақтың рухани күшінің символы болып қалып қойды.

Көрмеге музей қорынан және шақырылған замандас авторлардың 100-ге тарта бейнелеу және қолданбалы өнер туындылары қойылды. Ә. Қастеев, Ә. Ысмайылов, А. Дүзелханов, М. Қисамединов, Н.  Гаев, И. Исабаев, Е. Сидоркин, М. Лизогуб, Б. Мырзахметов, Д. Қастеевтің және тағы да басқа қылқаламшыларымыздың картиналары мен графикалық парақшалары ұлттық тарихымыздың ең маңызды оқиғалары мен аса көрнекті қайраткерлерін ерекше есте қалатындай образдарда баяндайды. Ә. Сыдыханов, Е. Төлепбаев, А. Ахат, Т. Тоғызбаевтың жұмыстары біртектестік идеясы мен тарихи жадыны ұғынуға ұмтылатын қазіргі заман адамының ой-пікірі мен түйсік-сезімдерінің кең дипазонын ашуға жол беретін терең метафоралық әрі символикалық мәнге  толы. Т. Бинаш, Н. Далбай, Ә. Жұмабай, П. Шороховтың мүсіндік композицияларындағы архаикалық және классикалық реминисценциялар (еміс-еміс есте қалғандар) адамзаттың болмысы мен ойын философиялық ұғыну тақырыбын ашып береді.

ХХІ ғасырдың бас кезіндегі Тәуелсіз Қазақстанның қазақстандық суретшілер буыны өз ата-бабаларының баға жетпес рухани және материалдық мұрасын сақтап қалу идеясы басты орында тұрған туындылар жасау арқылы өз халқының оқиғаға толы бай тарихын түсініп, ой елегінен өткізе отырып, өз болашағын аңғаруға ұмтылады. Бұл атаулы мерейтойлық көрме біздің бүгінгі заманауи талпыныстарымыз бен жоғары мақсаттарымызға үндес жаңғырық болатын – кеше мен бүгінді байланыстыратын, нағыз Ұлы дәуірге оралтатын өзінше бір «көпір» болмақ.

по материалам: mks.gov.kz