Мәдениет және өнер саласындағы кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы ашық деп жарияланды

02.07.2015 16:22 1666

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 шілде, 2015. Астана. Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті 2015-2016 оқу жылына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер саласындағы кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы ашық деп жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы №198 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамадарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа тиісті мамандықтар бойынша лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік оқу орындары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушы мен дайындалған конкурстық өтінім мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

по материалам: www.mks.gov.kz