3 шілде, 2015. Астана. Бүгін ҚР Ұлттық музейінің 1 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі: Алғашқы қадамдар» атты кітаптың тұсауы кесілді.
Жаңа кітапта музейдің бүгінге дейін атқарған жұмыстары баяндалады. Сонымен қатар музейдің құрылымдық бөлімшелері: «Ұлттық қазына» ғылыми-зерттеу институты, Есепке алу, сақтау, консервациялау және реставрациялау, Экспозициялық-көрме, Мәдени-ағарту және экскурсиялық жұмыс, Ақпараттық-имидж, Ғылыми кітапхана, Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы байланыстар мен «Мәдени мұра» журналы қызметтерінің бағыттары мен жетістіктері туралы мағлұмат беріледі.
Ұлттық музейдің ашылуы Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Бір жылдың ішінде Ұлттық музей еліміздің мәдени кеңістігінен өзіне лайықты орнын тауып, әлемдік қауымдастықтағы музей кеңістігін бағындыруға жоспар құрады.
Бүгінге Музейге көптеген лауазымды қонақтар келді. Олардың қатарында шет мемлекеттердің президенттері, Үкімет жетекшілері, зиялы қауым өкілдері болды. Алыс-жақын шет мемлекеттердің 20-ға тарта музейлерімен келісім-шарттар жасалды. Ұлттық музей жанынан «Ұлттық қазына» ғылыми-зерттеу институты ашылып, 9 көрме өткізілді. Ресей Ұлттық музейдің көрмесін ұйымдастырылды. Музей директоры Д. Мыңбай айтып кеткендей, осының барлығын музей қызметкерлерінің табысы болып табылады.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық музейге екі рет ат басын бұрды. Бір жолы музейдің барлық залдарын қарап шықты. Бізге ақыл-кеңесін айтты және музейдің даму жоспарын бекітіп берді. Өз басым Елбасының Ұлттық музейге ерекше назар аударуын бізге жүктеп отырған жауапкершілігі мен міндеті және білдіріп отырған сенімі деп білемін», - деді Дархан Мыңбай.
Айта кетейік, тұсаукесер аясында елорда күніне орай «Есілдегі жас қала, Елордасы - Астана» атты кітап көрмесі ашылды. Сонымен қатар мұнда Астана қаласының ЮНЕСКО, Қазақстан Ұлттық өнер университеті жанындағы көркемсурет мектептері мен «Индиго» көркемсурет мектеп оқушыларының Астана туралы салған көркем туындыларының көрмесі ұйымдастырылды.
по материалам: mks.gov.kz