Астана. 2015 жылдың 9 шілде күні Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Америка Құрама Штаттарының Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Альберт Кролмен кездесуі өтті.
Кездесуді ашу кезінде, қазақстандық ведомстваның басшысы екі мемлекеттің мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастығының жоғары деңгейіне тоқталып өтті. Қазақстан және Америка шығармашылық топтары екі мемлекеттің мәдени шараларына белсене қатысады. Сонымен қатар қазақстандық және американдық спортшылар мемлекеттер аумақтарында өтетін беделді спорттық шаралардың тұрақты қатысушыларына айналды.
Өз кезегінде Дж. Крол министрге көрсеткен қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен АҚШ-ты тығыз достық қарым-қатынастар байланыстыратындығын баса айтты. Ол қазақстандықтарды осы жылы тойланып жатқан мерейторлармен құттықтап, барша ел тұрғындарына зор денсаулық, сәттілік пен бақ-береке тіледі.
Әңгімелесу барысында екі мемлекет өкілдері мәдениет, дін, спорт және дене шынықтыру салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың даму келешегін талқылады.
по материалам: mks.gov.kz