Қазақ хандығының 550-жылдығына М. Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» кітабы қайта басылып шықты

14.07.2015 11:06 1565

  

10 шілде, 2015. Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханада Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегінің жаңа басылымының тұсаукесері өтті. Мамлакат-и Моголийе  мемлекетінің атақты тарихшысының кітабын Қазақ хандығының 550-жылдығына орайластырып «ҚАЗақпарат» баспасы қайта шығарды.

 Кітаб Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару» мемлекеттік бағдарламасы аясында шықты.

М. Дулатидің еңбегі Қазақ хандығының бесігі мен Моғолстанның бір бөлігі болып табылған Жетісу аймағы туралы баяндайды. Ұлы ғалым Қасым ханның қызметін, оған бағынысты халықтардың дәстүрлері мен мәдениетін, бүкіл Дешті-Қыпшақ пен Жетісу аймағын айрықша мұқияттылық пен жан-жақты суреттеуге тырысып баққан. Өз шығармасында ол қазақ хандары мен моғол билеушілері арасындағы достас қарым-қатынастар туралы да жазған.

Бұл бірегей еңбек бүгінгі таңға дейін өзектілігін жоймаған. Автор моғол мемлекеті мен оның билеушілері туралы жазып қоймай, «тарихшылардың міндеті – шежірені ұрпақтарына дұрыс қалпында жеткізу. Ұрпақтар бабаларының шығу тегін білулері қажет», - деген үндеу жасады.

М. Дулати еңбектерінде Қытай, Үндістан, Ауғанстан және Ирак тарихы туралы көптеген құжаттар келтірілген. Соның нәтижесінде, «Тарих-и-Рашиди» еңбегі ең бірінші кезекте XIV-XVI ғасырлардағы түркі халықтарының шежірелері болып табылады.

Кітап тұсаукесер кешіне жетекші ғалымдар – тарихшылар, археологтар, мәдениет және қоғам, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

по материалам: mks.gov.kz