Қазақстан мәдениет және өнердің ең ірі халықаралық форумын қарсы алады

13.07.2015 09:32 1557

 

 

13 шілде, 2015. Астана. 2015 жылдың 16 және 22 шілдесі аралығында Қазақ ұлттық өнер университетінде мәдениет және өнер әлеміндегі ең ірі халықаралық жиындардың бірі – IСТМ 43-ші Бүкіләлемдік конференциясы өтеді.  Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында форум ұйымдастырушылары хабарлады.

IСТМ Бүкіләлемдік конференциялары 1947 жылдан бастап дүниежүзінің түрлі аймақтарында екі жылда бір рет мерзімімен өткізіліп келеді. Бұл шара өткізудің көлемділігімен және дәстүрлі мәдениеттердің әлемдік қауымдастыққа жаһандануы, бүкіл әлемнің мәдени дамуындағы айрықша маңыздылығымен ерекшеленеді.

Қазақстанда өтетін бүкіләлемдік маңызы бар аталмыш іс-шара әлемнің 70-тен аса мемлекетінен келетін 800 жетекші ғалым, сарапшылар мен музыкалық өнер саласындағы ұйымдастырушылардың басын қоспақшы.

Қазақстан, АҚШ, Ресей, Жапония, Қытай, Бразилия, Түркия, Оңтүстік Африка, Чехия, Ұлыбритания, Канада, Португалия секілді т.б. көптеген мемлекеттердің өкілдері бір апта бойы ұлттық дәстүрлі мәдениет пен өнерді зерттеу саласында пікір алмасатын болады.

Шара қатысушылары конференция нәтижелері ICTM мүше-мемлекеттерінің материалдық емес және материалдық мәдени мұраларын зерделеу мен сақтау, құжаттау мен мұрағаттаудың жаңа әдістеріне алып келетіндігіне үміттенеді.

Конференция ұйымдастырушы комитетінің төрайымы, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Қазақстан Еңбек Ері А. Мұсахаджаеваның пікірінше, IСТМ Бүкіләлемдік конфренциясын өткізу – жер жүзіне түркі әлемінің көшпелі көне мәдениетінен бастау алатын қазақстандық өнер ең бірегей мен өзіндік ерекшелігі бар мәдениеттердің бірі болып табылатындығын көрсетудің жаңа мүмкіндігі.

«Осы секілді шараларды өткізу – ол мемлекеттің «брэндингі». Екіншіден, біз бүгінгі мәдени саясат елдің идеологиялық және саяси-мәдени тұрақтылығының ажырамас бөлігі екендігін жақсы түсінеміз. Жаһандану уақыты кезінде барша Еуразия құрлығының мәдениетінің дамуы бізбен байланысты екендігін көрсетеміз», - деп ойымен бөлісті Айман Қожабекқызы.

1937 жылы негізі қаланған Дәстүрлі музыка мен би халықаралық кеңесі (IСТМ) қалыптасу мен дамудың ұзақ мерзімді тарихына ие. IСТМ құрамына музыканттар, композиторлар, мәдениеттанушылар, музыкатанушылар мен өнертанушылардың кәсіби тобы кіреді. Бұл ұйым заманауи визуалды және дыбысты мәдениетті, оның болашағын қалыптастырып, жас ұрпақтарды тәрбиелеуге белсенді қатысып жатқандардың барлығының басын қосады. Ұлттық дәстүрлер мен әлемдік мәдениет туралы білімдерімен бөлісіп, олар жастарды өнер мен ғылымға баулиды.

IСТМ шарасы «Түрксой» халықаралық түркі мәдениеті ұйымы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.

по материалам: mks.gov.kz