2015 жылдың 18 шілдесінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтында (ҚазҒЗМИ) Смитсон институты (Вашингтон, АҚШ) Ұлттық музейі Азия мәдениетін зерттеу бағдарламасының басшысы, доктор Пол Майкл Тэйлордың «Музей, тарихи объектілер және мәдени орталықтардың жетілдірілген менеджменті" тақырыбындағы семинары өтті.
Семинар шеңберінде ҚазҒЗМИ бас директоры Андрей Хазбулатов және доктор Пол Тэйлор екі мемлекет ғылыми мекемелерінің арасында мәдениетті зерттеу саласында тәжірибе алмасу жоспарланып жатқандығын хабарлады. Сонымен қатар тараптар ғылыми жобаларға қолдау көрсетуге ниет білдіріп, бұл ынтымақтастыққа бастау салынғандығын айтып кетті.
«Смитсон институты Қазақстанмен ғылыми және мәдени жобаларда ынтымақтастыққа дайын. Нақты айтқанда, біз «Қазақстан мәдениеті" атты кітабын бірлесіп шығаруды көздеп отырмыз», — деп хабарлады Смитсон институтының өкілі.
Семинарға музейлердің басшылары, дәріс оқушылар, оқытушылар, ҚазҒЗМИ қызметкерлері қатысты. Талқылау «Музейлер мен мәдени орталықтарда мәдениетті көрсетудің тарихы», «Заманауи музейлер мен мәдени орталықтардың қызметтері", «Музейлердегі ақпараттық технологиялар және қосымшалармен таныстыру», «Онлайн ғылыми-зерттеу басылымдары, виртуалды көрмелер және музейдің веб-көздерін қолдануы», «Көрме ісі", сондай-ақ «Музейлер мәдени орталықтар ретінде: музей қызметінің музей бағдарламаларына жаһандануы» секілді бағыттар бойынша жүргізілді.
Айтып кету керек, Пол Тэйлор Азия этнографиясы, тілдер мен материалды мәдениеті бойынша көптеген кітаптар мен мақалалардың авторы болып табылады. Он жеті музей көрмесіне жетекшілік етіп, бес документалды фильмнің кеңесшісі болды. Америка музейлері ассоциациясының «Музейлердің халықаралық әріптестігі" жүлдесінің иегері. Сонымен қатар доктор Тэйлор Бүкіләлемдік банк Инспекциялық тобының әлеуметтік мәселелер мен көшіп кету бойынша аға кеңесшісі болып табылады.
Смитсон институты — білім беру және ғылыми-зерттеу институты, музей кешенімен байланыста әлемдегі экспонаттар, музей құндылықтары мен артефактілерінің ең ірі қоры болып табылады. Институт құрамына 19 музей, хайуанаттар бағы, 9 ғылыми-зерттеу орталығы және Смитсон институтының бөлімшелері болып табылатын 156 музей кіреді. АҚШ үкіметті, ерікті қайырымдылық, сондай-ақ баспа және коммерциялық іс есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме.
по материалам: mks.gov.kz