20 шілде, 2015. Астана. Бүгін Халықаралық дәстүрлі музыка кеңесінің 43 Бүкіләлемдік конференциясы шеңберінде түркі халықтарының дәстүрлі музыка фестивалі өткізілетін болады
Түркі халықтарының дәстүрлі музыка фестивалі 20 шілде күні Қала, ауыл және дала музыкасы (Music of City, Village, and Steppe) концертімен басталады. Бұл концерт Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, ұйғыр музыканттары, бишілері мен әншілерінің бай дәстүрлерін біріктіреді. Концерт атауы бұл кеште ортағасырлық қала, ауыл мен далаларда қалаларда қалыптасқан дәстүрлерді көрсететін музыканттар қатысатындығын білдіреді.
Олардың қатарында керемет мукама (ұйғырлар), әйгілі әзірбайжандық мугама, өзбек-тәжік шашмакома жәнекатта ашула (өзбек табақшалармен соло немесе дуэтпен ән айту дәстүрі), зурнайчи дәстүрлі аспапты ансамблі (зурна — түрік ұлттық үрме аспабы) бар.
Аталып кеткен дәстүрлер философия, суфийлік лирика, жарқын әрі әсерлі би мен мерекелік қуаныш секілді мазмұн беретін болады.
по материалам: mks.gov.kz