«Дешті–Қыпшақ. Құпия белгілер» деректі фильмінің тұсаукесеріне арналған пресс-конференция өтті.

17.07.2015 10:34 2004

2015 жылдың 16 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінде екі сериялы «Дешті–Қыпшақ. Құпия белгілер» деректі фильмінің бірінші көрсетіліміне арналған пресс конференция өтті. Оған ҚазҒЗМИ бас директоры А. Хазбулатов, фильм сценариінің авторы мен режиссері Б. Қайырбеков, лентаның композиторы А. Райымқұлова және Ұлттық академиялық кітапхананың бас директоры А. Мұңалбаева қатысты.

Фильмнің авторларының сөздеріне қарағанда, аталмыш жоба Армения, Италия және Украина территорияларында өткен жыл бойы жүзеге асырылған. «Дешті–Қыпшақ. Құпия белгілер» деректі фильмін ұйымдастыруға белсене қатысқан А. Хазбулатов журналистерге үлкен жұмыс атқарылғаны жайлы айтып берді. Ұйымдастырушылар үшін жобаның басты мақсаты болып фильмді көпшілік үшін қызықты және терең ғылыми деректеге сүйенген танымды фильм жасау еді. Сол себепті кеңеске ірі ғалымдар тартылған болатын. Фильмнің басты кеңесшісі ретінде қыпшақ жазуларының зерттеушісі белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы А. Гаркавец болды. Фильмде ол біздің ата-бабаларымыз қыпшақтардың жазу мәдениеті жайлы қызықты деректер мен мәліметтерді келтіреді.

Ағымдағы жылдың тамыз айында АҚШ Елшілігінде Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты аталмыш фильмнің тұсаукесерін және Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған бірқатар деректі ленталарды көрсетуді жоспарлап отыр.