2015 жылдың 18 шілдесінде Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты қабырғасында Смитсон институты (АҚШ, Вашингтон) Ұлттық музейі Азия мәдениетінің тарихын зерттеу бағдарламасының басшысы, доктор Пол Майкл Тэйлордың «Музей, тарихи нысандар және мәдени орталықтардың жетілдірілген менеджменті» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың аясында ҚазҒЗМИ бас директоры Андрей Хазбулатов пен доктор Пол Тэйлор екі мемлекет арасында ғылыми жобаларды қолдау, тәжірибе алмасу жоспарланып жатқандығын айтып өтті. Соның ішінде, Пол Тэйлор бірлескен «Қазақстанның мәдениеті» кітабын шығаруға қызығушылық танытатынын атап өтті.
Семинарға музейлердің басшылары, дәріскерлер, оқытушылар сонымен қатар ҚазҒЗМИ қызметкерлері қатысты. Талқылау «Музейлер мен мәдени орталықтарда мәдениетті көрсетудің тарихы», «Заманауи музейлер мен мәдени орталықтардың қызметтері", «Музейлердегі ақпараттық технологиялар және қосымшалармен таныстыру», «Онлайн ғылыми-зерттеу басылымдары, виртуалды көрмелер және музейдің веб-көздерін қолдануы», «Көрме ісі", сондай-ақ «Музейлер мәдени орталықтар ретінде: музей қызметінің музей бағдарламаларына жаһандануы» секілді бағыттар бойынша жүргізілді.
Айтып кететіні, Пол Тэйлор Азияның тілдері мен материалды мәдениеті, этнографиясы және этнобиологиясы бойынша көптеген ғылыми кітаптар мен мақалалардың авторы, 17 музейлік көрмелерне жетекшілік етіп, бес деректі фильмге кеңесші болған. Азиялық зерттеулер дмректорлар Кеңесі Ассоциациясың құрамына кірген және Смитсон институтының американдық Азиялық-Тынықмұхиттық мәдени комитетінің мүшесі, Американдық музейлер ассоциациясының «Халықаралық музейлер ынтымақтастығы» марапатының иегері. Доктор Тэйлор сонымен қатар Бүкіләлемдік банктің әлеуметтік және Инспекциялық топты көшіру мәселелері бойынша аға кеңесшісі болып табылады.
Смитсон институты – білім беру және ғылыми-зерттеу институты және музей кешені мен байланысты музейлік жәдігерлер мен құндылықтарды сақтайтын экспонаттар сақтайтын әлемдегі ең ірі қор болып табылады. Институттың құрамына 19 музей, хайуанаттар бағы, 9 ғылыми-зерттеу орталықтар мен Смитсон институтының филиалып болып табылатын156 музей кіреді. Ресми түрде АҚШ үкіметінен, жеке ерікті қайырымдылық қорларынан және коммерциялық қызметтер есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме саналады.