22 шілде, 2015. Астана. Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан халқының бірлігін күшейту туралы сөз болды. «Болашағы біртұтас ұлт» идеясын жүзеге асыру аясында ел тарихы мен мәдениетін насихаттау туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, «Астана Опера» театрының директоры Т. Әлпиев, тарих ғылымдарының докторы К. Байпақов және корей театрының директоры Л. Ни баяндап берді.
Елбасының бес институционалды реформасының басты бағыттарының бірі Қазақстан халқының бірлігі мен біртектілігін күшейту болып табылады. Бұл орайда «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің маңызды мақсаты — отандық мәдениет және өнердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, «ұлттың мәдени кодын» қалыптастырудың негізі ретінде тарихи-мәдени мұралардың дамыту.
Президент қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін ведомства бірқатар көлемді жобаларды жүзеге асыруды жоспарлар отыр.
«Ұлт жоспарының 86-шы қадамына сәйкес, аймақтық мәдени-туристік кластерлерді құруға басымдылық беріледі. Ол күшті мультипликативті әсер ететін болады», — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Бұндай кластерлердің қатарына «Астана — Еуразия жүрегі", «Алматы — Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері", «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» жобалары жатады.
Сонымен қатар ведомства басшысы мәдени дамудың жаңа «Мәңгілік мұра» жалпыұлттық жобасын іске қосу ел тарихи-мәдени мұраларының дамуына жаңа серпін беретіндігін хабарлады. Жаңа жоба қазақстандық мәдени мұраларды бүкіләлемдік игілік ретінде жаһандыруды көздейтін ауқымды міндеттерге бағытталған.
Академик К. Байпақовтың пікірінше, бұрынғы «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру тарихты зерттеу, археология, туризмді дамытуда іркіліс жасады.
«Қазақстанда мәдени мұраларға ерекше көңіл бөлінеді. Ел Президенті үнемі мәдени мұраларды, тарихты зерделеу, сақтау мен пайдаланумен байланысты бағдарламаларға бастау салып отырады», — деп қосты Карл Молдахметұлы.
Ортақ тарих, мәдениет, тілді құрылымдау мәселелерінде қазақстандық театрлар қызметінің орны ерекше. Отандық театрлардық репертуарлық саясаты дәстүрлі құндылықтар, өнегелі бағдарлады құру мен дамытуға бағытталуы тиіс.
Орткомда сөйлеген сөзінде «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Төлеубек Әлпиев халықтың рухани дамуының маңыздылығы елдің экономикалық және материалдық тәртіп мәселесінен кем емес екендігіне тоқталып өтті.
«Қазақстан Республикасының Президенті отандық мәдениет пен өнердің, соның ішінде опера және балеттің дамуына айрықша көңіл бөледі. Бүгін біз қазақстандық театралды мәдениет жаһандық мәдени сұхбатқа белсенді түрде қатысуына ұмтыламыз. Бұл мақсатта істелінген іс аз емес», — деді «Астана Опера» жетекшісі.
Еске салып кетсек, корей, ұйғыр және неміс мемлекеттік театрлары этникалық отанынан тыс жерде қызмет ететін бірден бір ел Қазақстан болып табылады. Баспасөз конференциясы барысында Корей мемлекеттік театрының директоры Любовь Ни айтып кетенкендей: «Ұлттық театрлардың басты мақсаты — өз ұлттық мәдениетін сақтау, дамыту және көрсету арқылы, біріншіден, ортақ үйіміз Қазақстанға деген ыстық сезімдер біріктіретін азаматтарды тәрбиелеу. Екіншіден, көне еліміздің тарихы мен тіл дамуына қатысты қоғамдық келісім. Үшіншіден, мемлекетіміз және оның тұрғындарының бүгіні мен зор болашағына деген сенім. Бұның барлығы Мәңгілік Отанымыз — «Мәңгілік Елдің" негізі".
по материалам: mks.gov.kz