Ұлттық музейде ХХ-ғасырдың 70-80 жылдарындағы көрнекті өнер шеберлері туындыларының көрмесі ашылды

23.07.2015 09:33 1837

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Әлемдік мәдениет және заманауи өнер» жобасы аясында «Ұлылармен сұхбат» көрмесі ашылды.   

Көрмеге «Parallel Worlds» шығармашылық тобына біріккен ХХ-ғасырдың 70-80 жылдарындағы петербургтық және мәскеулік кескіндеме мектебінің көрнекті өкілдері Латиф Казбеков, Александр Кондуров, Люся Кондурова, Валерий Лукка, Вячеслав Михайлов, Надежда Николаева, Алексей Талащук, Олег Яхнин, Дмитрий Каминкер, Леонид Колибаба, Ольга Булгакова, Сергей Гета, Дмитрий Иконников, Ольга Гречина, Юрий Миронов, Иван Лубенников, Александр Ситников, Татьяна Назаренколардың 90-нан астам туындылары қойылды.

Көрме ресейлік «Петербургтің ерікті суретшілері» әлеуметтік-баспа жобасының қолдауымен ұйымдастырылды. Музейге келушілер аталмыш көрмеден  архаикадан бүгінгі күнге дейінгі ежелгі дәуірлердегі «көркем мәтіндерге» шығармашылық өңдеу негізінде жасалған көркем туындыларды тамашалады.

«Қазақстан қарқынды мәдени даму үстінде. Сіздер қазіргі заманғы өнер саласында да дамып келе жатырсыздар. Біз қазақстандық әріптестерімізбен өте тығыз араласамыз. Мәскеу мен Санкт-Петербургте көптеген шетелдік көрмелер өтеді, біз қазақстандық өнер туындыларының көрмелерін асыға күтеміз. Ресейдің ең ірі музейлері соның ішінде Эрмитаж бен Третьяков галереясы Қазақстан суретшілерінің көрмелеріне өз алаңдарын ұсынуға әзір», - деді шарада Ресейдің мәдениет тарихшысы, өнертану докторы, ақын Дмитрий Северюхин.

Көрме 27 тамызға дейін өтеді.

по материалам: mks.gov.kz