2015 жылдың 25 шілдесінде Үкімет үйінде Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев төрағалығымен қажылықты ұйымдастыру мәселелері бойынша мәжіліс өтті. Жиналысқа мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылары қатысты.
Кездесу барысында қажылыққа барушы қазақстандық азаматтардың Сауд Арабиясы Корольдігіне шығуын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Бердібек Сапарбаев өз сөзінде Қазақстандық азаматтардың мүддесін қорғауға және қажылықты өтеу үшін оларға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған шараларға үлкен мән берді.
Мәжіліс қорытындылары бойынша тиісті мемлекеттік органдарға әуе тасымалы мен қажыға барушылардың қажылық барысында Сауд Арабиясы Корольдігінде болу мерзімдері саласындағы орын алып жатқан мәселелерді шешуді тездету бойынша тапсырмалар берілді.
по материалам: mks.gov.kz