Ертең Куала-Лумпурде 2022-жылғы Олимпиада ойындарының астанасы анықталатын болады

30.07.2015 12:38 1556

 

 

30 шілде, 2015. Астана. Ертең Куала-Лумпурде (Малайзия) Халықаралық олипиада комитетінің 128-ші сессиясы жұмысын бастайды. ХОК кезекті сессиясында 2022-жылғы қысқы Олимпиада ойындарының астанасы анықталатын болады. Басты қысқы ойындарды өткізу құқығына Алматы және Пекин қалалары үміт білдіруде.

31 шілде күні ұйымның 105 мүшесі 2020 жастар қысқы Олимпиада ойындарының бас қаласы үшін де дауыс беретін болады. Бұл құқық үшін швейцарлық Лозанна мен румындық Брашова қалалары таласатын болады.

Сессия бағдарламасына желтоқсанда Монакода қабылданған олимпиалық қозғалысты дамыту стратегиясын жүзеге асыру барысына баға беру, маусымда Лозаннада өткен ХОК атқарушы комитет отырысында қарастырылған 2018-жылғы Пхенчхандағы Олимпиадаға өзгерістер бойынша дауыс беру кірді. Сонымен қатар жиналыс қатысушылары Оңтүстік Суданды олимпиалық қозғалыстың толыққанды мүшесі ретінде қабылдау туралы шешім шығарады.

ХОК 128-отырысы 3 тамызға дейін жалғасады. Қазақстан атынан құрамына Ұлттық олимпиалық комитеттің өкілдері мен басшылары, ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Е. Қанағатов, ел спорт менеджерлері мен спорттық ұйымдардың өкілдерінен тұратын делегация қатысады.

Еске салып кетсек, Халықаралық олимпиада комитетінің алғашқы отырысы 1894 жылы орын алды. Жыл сайынғы кездесулерде ХОК мүшелері олимпиалық қозғалыс үшін аса маңызды мәселелерді шешіп, Олимпиадалардың және ХОК ұранымен өтетін өзге де сайыстардың астаналарын таңдайды. ХОК келесі сессиясы 2016 жылғы шілдеде Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындарының қарсаңында өтетін болады.

по материалам: mks.gov.kz