Қ. Асылов: Президенттің 100 тапсырмасын іске асыру – ортақ міндет

29.07.2015 15:55 1513

 

28 шілдеде Петропавловск қаласында Елбасы ұсынған бес институционалдық реформа аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мәселелерін талқылау бойынша кездесу өтті. Қатысушылар дөңгелек үстелде қазақстандық біртектілікті нығайту және Қазақстан бірлігін дамыту мәселелерін жан-жақты талқылады.

Кездесу Солтүстік Қазақстан облысын басқару белсенділері, мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, партия, құқық қорғау, кәсіподақ, ардагерлер кеңесі, бизнес құрылым, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, өңірдегі этномәдени бірлестіктер басшылары, кәсіпкерлер, спортшылар және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің басын қосты. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі атынан отырысқа Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қуаныш Асылов қатысты.

Қуаныш Асылов өз сөзінде мемлекеттік органдар Ұлт жоспарын іске асыруда нормативті-құқықтық, ұйымдастырушылық және идеологиялық сүймелдеу бойныша кешенді жұмыстарды жүргізуде екенін атап өтті, «Мәңгілік Ел», «Үлкен ел — үлкен отбасы», «Менің елім» және басқа да ауқымды жобаларды іске асыру аясында қабылданып жатқан шаралар жөнінде жан-жақты баяндады.

Қуаныш Асылов «Барлығымыздың алдымызда Ұлт жоспарында көрсетілген қазақстандық қоғамды жаңғырту мен қазақстандық мемлекеттіклікті нығайту жөніндегі Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау бойынша үлкен міндеттер тұр» — деп атап өтті,

Мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері өздерінің сөздерінде Ұлт жоспары басымдықтарын ашып көрсетті, оны іске асырудың негізгі тәсілдері бойынша әртүрлі пікірлер мен ұсыныстар білдірді.

Іс-шараға қатысушылар «100 нақты қадам» — бұл барлық қазақстандықтар атқаруы қажет мемлекет және қоғам үшін маңызды стратегия деген пікірге тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет Басшысы ұсынған 100 нақты қадамды іске асыру аясындағы өңірдің негізгі міндеттері айтылды.

 

по материалам: mks.gov.kz