31 шілде, 2015. Астана. Бүгін Малайзияның бас қаласы Куала-Лумпур қаласында XXIV қысқы Олимпиаданың астанасы анықталды. Халықаралық олимпиадалық комитеттің (ХОК) 105 мүшесі 2022 жылғы Олимпиада ойындарының өтетін жері ретінде Бейжин қаласын таңдады.
Еске салып кетсек, 2022 жылы өткізілетін төртжылдықтың басты қаласы атануына үміткерлердің қатарында Алматы және Бейжин болды. Бүгін екі қаланың делегациялары ХОК-қа Ойындарды өткізудің өз тұжырымдарын таныстырды. Қазақстан оңтүстік қаласының тұжырымдамасы өзінің шағындығы және маңыздылығымен ерекшеленді. Қазақстандық өтінішке сәйкес, Олимпиаданың барлық объектілері 30 км алыс емес жерде орналаспақшы.
Куала-Лумпурдегі Алматының өтінішін ҚР Премьер-министрі К. Мәсімов, Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев, Спорттық жекпе-жектер мен күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының басшысы Т. Кулибаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі А. Есімов, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру мәселелері комитетінің төрағасы Е. Қанағатов, сонымен қатар атақты қазақстандық спортшылар Денис Тен, Серік Сәпиев, Ермахан Ыбрайымов, Елена Хрусталева, Юлия Галышева, Сабина Алтынбекова және т.б. кірген делегация таныстырды.
Ескертіп кету керек, Бейжин қаласы Халықаралық олимпиадалық комитеттің тарихында жазғы және қысқы Олимпиадалар өткен алғашқы қала болады. XXIV қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылғы 4 және 20 ақпан аралығында өтеді.
по материалам: mks.gov.kz