Астанада «Барыс» хоккей клубы жаңа мұз айдынының ашылуы өтеді

07.08.2015 09:40 1527

 
7 тамыз, 2015. Астана. Тамыздың 9-шы жұлдызында Елордада  «Барыс» хоккей клубы жаңа мұз айдынының салтанатты ашылуы өтеді. Сонымен қатар бұл күні Қазақстан Республикасы Президентінің Кубыгына халықаралық турнир басталады.

Елбасы Кубогына турнирде астаналық «Барыспен» қатар «Металлург» (Новокузнецк қ., Ресей), «Югра» (Ханты-Мансийск қ., Ресей), «Адмирал» (Владивосток қ., Ресей) бақ сынасатын болады. Отандық хоккей клубының алғашқы қарсыласы - Новокузнецк қаласынан келетін «Металлург».

Салтанатты шараға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде.

Фотосурет  интернет кеңістігінен алынды.

по материалам: mks.gov.kz