Кездесу қазақстандық және әлемдік өнердің заманауи үрдісі мен тарихына арналды. Кездесудің соңында А. Хазбулатов пен К Муллашев бір-біріне сыйлыққа кітап тарту етті және суретшінің кітабын шығаруға, сонымен қатар оның семинарын институтта өткізу жайлы келісті.
К. Муллашевтың шығармашылығы шынайы сан қырлы және әр түрлі болып табылады. ол атақты В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемөнер институтының түлегі. Оның «Уақыт пен Жер. Қазақстан» атты дипломдық жұмысы бүкілодаққа танымал болды. Картинаны Мемлекеттік Третьяков галереясы сатып алып, дүркін-дүркін басып шығарды. Триптих Қазақстанның нышанына айналды. Ол жерде суретші оның бейнесін сыйымды қылып көрсете білді.
К. Муллашевтың өнері тек біздің мемлекеттің ғана емес, сондай-ақ әлемдің өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Оның шығармашылығы Ресей, АҚШ,
Франция, Германия, Түркия, Қытай және т.б. мемлекеттердің жеке және мемлекеттік жинақтарында сақтаулы.