13 тамыз, 2015. Астана. Нью-Йорктегі Роберта Де Нироның «TribecaFilm» киностудиясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабының негізінде түсірілген «Қазақ хандығына 550 жыл» деректі фильмінің көрсетілімі өтті.
Он бөлімнен тұратын «Қазақ хандығына 550 жыл» деректі жобасы Қазақ хандығының құрылу тарихына арналған. Он бөлімнің әрқайсысы қазақ халқы тарихының әр кезеңі туралы, 1465 жылы Қазақ хандығының құрылуынан тәуелсіз Қазақстанға дейінгі кезеңі жөнінде баяндайды. Фильм Қазақстанның бүкіл әлемдегі тарихи және геосаяси ролін айқын көрсетеді.
Фильм тұсаукесері «100 нақты қадам» іс-әрекеттер ұлттық жоспарын жүзеге асыру аясында өтті. Фильмде қазақстандық ғалымдардың шетелде жүргізген ғылыми ізденіс жұмыстарының нәтижесі және халықаралық сарапшылар мен тарихшылар жұмыстарының қорытындылары көрініс тапқан.
Фильмнің көрсетілімі ағылшын тілінде өтті. Тұсаукесерге Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі Бас консулы Раушан Есбулатова, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры мен фильмнің атқарушы продюсері Андрей Хазбулатов, әйгілі американдық режиссер Марио Де Кудрэй, «Seagull Films» студиясының негізін салушы мен президенті Алла Верлотски, “Intelligent Television & The Intelligent Channel” студиясының президенті мен атқарушы продюсері Питер Кауфман, фильмдерді жылжыту агенттігінің негізін салушы мен президенті Анатолий Рывкин, Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазов, АҚШ Мемлекеттік департаменті және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар мен ғалымдар қатысты.
Америкалық көрермен фильмге жоғары қызығушылығын танытты, бұл өз кезегінде Қазақстанның шетелдердегі имиджін күшейтуге ықпалын тигізетіндігі сөзсіз. Амиракалық киноөндірістің беделді өкілдерінің тұсаукесерге қатысуы әріптестік байланыстарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Еске салып кетсек, «TribecaFilmStudio» Нью-Йорктың ең беделді киностудияларының бірі болып табылады. Студияның негізгі қызметі режиссерлер мен продюсерлерге фильмдерді кәсіби деңгейде жылжытуда көмек көрсетуге бағытталған.
по материалам: mks.gov.kz