14 тамыз, 2015. Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының төрағалығымен Спорт күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік жиналысқа республикалық спорттық ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері, спорт ардагерлері, министрлік және оған бағынысты мекемелердің қызметкерлері қатысты.
Бірнеше жылдар бойы тамыздың әр жексенбісінде бүкіл Қазақстан Спорт күні секілді барша халықтық мерекені атап өтеді. Бұл мереке жасы мен кәсібі әртүрлі, спорт, дене шынықтыру, белсенді және салауатты өмір салтын сүйетін адамдарды біріктіреді.
Бүгінгі таңда республикада дене шынықтыру және спортпен 35 мың адам, оның ішінде шамамен екі мыңы ауылдық жерлердің тұрғындары, шұғылданатын 125 кәсіби спорттық клуб құрылған.
Дене шынықтыру және спорт ұжымдарында 3,3 млн. азаматты, олардың 1,6 млн. ауыл тұрғындары, қамтитын 92,5 мың спорттық секция жұмыс істейді.
Жалпы ел бойынша 25,1% адам дене шынықтыру және спортпен шұғылданумен айналысады. Бұл көрсеткіш мемлекетімізде 4 млн. 300 мыңнан аса адам елдің дене шынықтыру-спорттық қозғалысына белсенді қатысады деген сөз.
«Кейінгі жылдары сала жұмысы сапасын жетілдіру және спорт базасын нығайту, жоғары шеберлікті спортшыларды дайындау, тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мәселесінде үлкен іс атқарылды. Бұл ретте, балалар мен жасөспірімдер спортына екпін жасалуда. Аталмыш бағытта біз жергілікті атқарушы органдармен, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп мектептерде спорт секциялары мен клубтарын ашу, мектеп лигасы жарыстарын ұйымдастыру шараларын жүзеге асырудамыз», — деп хабарлады Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Сонымен қатар ведомства басшысы «100 нақты қадам» ұлттық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында Министрлік халықаралық тәжірибе негізінде жаңа тәсілдерді ескере, спортты дамытуға бағытталған құжаттар топтамасын әзірлегендігін мәлімдеді. Бұл құжаттарда елде бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілді.
Жоғарғы жетістіктер спорты дамуының негізі бұқаралық спорт болып табылады. Спортшыларымыз әлемдік спорт шыңдарын нық сеніммен бағындыруда. Азия және Олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттары мен кубогы кезеңдерінде табысты өнер көрсетуіміз — осының жарқын айғағы.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының 59 жүлдегерін, оның ішінде — 17 олимпиада жеңімпазын баптап шығарды, 163 қазақстандық, түрлі әлем чемпионаттарында жүлделі орындарды иеленді.
Министр спортшылар, жаттықтырушылар, олимпиада қатысушылары, спорт ардагерлерін мерекемен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыстар мен спорттық жетістіктер тілеуді ұмытқан жоқ.
«Мәдениет және спорт министрлігі және жеке өзімнің атымнан алдағы Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жоғары жетістіктер спортын дамытуға, бұқаралық спортты көпшілік арасында дәріптеуге өмірін арнаған дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлерінің еңбегі орасан!» — деді министр.
Салтанатты сөзден кейін ел спорттық қозғалысының үздіктері ведомстваның арнайы марапаттарымен мадақталды. «Құрметті спорт қызметкері" және «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» марапаттары С. Нұржанов, В. Шепотько, С. Сарқытов, Т. Бейсембаева, А. Бакенов, Қ. Байхожаеву, Б. Амренов, А. Жалдыбаев, Г. Корчма, В. Новоселовке табыс етілді. Тағы да 16 спорт белсенділері «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» марапатымен мадақталды.
Еске салып кетсек, тамыздың үшінші жексенбісі «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтарындағы № 3827 Жарлығымен Спорт күні деп бекітілген.
по материалам: mks.gov.kz