Қазақ хандығының құрылуының 550-жылдығына арналған «Мәңгілік ел» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға өтініштер қабылдау басталды

14.08.2015 12:42 1597

 

 

14 тамыз, 2015. Астана. 2015 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақ хандығының құрылуының 550-жылдығына арналған «Мәңгілік ел» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының өтуі жоспарлануда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі мен Жоғарғы соты форумға өтініштер қабылдау басталғандығын жария етті.

Конференция жұмысына отандық және шетелдік жетекші ғалымдар қатысады.

«Мәңгілік ел» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы Қазақ хандығының қазақ халқы мен оның мемлекеттілігіндегі рөлі мен маңызын, оның қазіргі Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігінің қалыптасуына әсерін ғылыми негізде көрсетуге бағытталған. Конференция барысында «Мәңгілік ел» жаңа жалпыұлттық идея аясында Қазақстан Республикасы халқының жоғары адамгершілік мұраттарын болашақ ұрпақ үшін сақтау мәселелерін қарастыру көзделген.

 

по материалам: mks.gov.kz