Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы мәдениет және спорт саласының үздік қызметкерлеріне мерейтойлық медальдар табыстады

28.08.2015 10:42 1902

 

28 тамыз, 2015. Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінде Конститутцияның 20-жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Ведомоства басшысы мәдениет, спорт және дін саласы үздіктеріне «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарын тапсырды.  

20 жыл бойы Қазақстан Конституциясы бейбітшілік және тұрақтылық кепілі болып келеді. Еліміздің басты заңы жасампаздық нышанына, мемлекеттің жарқын істерінің бастауы мен қазіргі жеңістеріне айналды. Бұл мереке біздің тәуелсіз мемлекетіміз үшін, оның әр азаматы үшін үлкен мән-мағынаға ие.

Салтанатты жиынды ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашты. Өз сөзінде ол Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында 1995 жылы қабылданған республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде тиімділігін, өз өміршеңдігін дәлелдеп отыр. Бүкіладамзаттық құндылықтар қамтылған Ата заңымыз Қазақстан жолының алтын қазығы, бірлігі мен достығы жарасқан республика азаматтарының тең мүмкіндіктері мен құқықтарының кепілі, елдігіміздің бұлжымас бағдары екендігін атап өтті.

А. Мұхамедиұлы сондай-ақ 100 нақты қадам — Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Мәдениет және спорт министрлігі қазақстандық ұлттың бірлігі мен біртектілігін нығайтуға бағытталған бірқатар ауқымды шараларды іске асыруды жоспарлап отырғандығын айтты. Негізгі міндеттердің ішінде — «ұлттың мәдениет кодын» қалыптастыру негізінде отандық мәдениет пен өнердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тарихи-мәдени мұраны дамыту.

Шара барысында комитеттер, бағынысты ұйымдар жетекшілері мен қызметкерлері мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі Конститутция күнімен шын жүректен құттықтауларын жеткізді. Салтанатты жиын мәдениет, спорт және дін саласы қызметкерлерін марапаттау рәсіміне жалғасты. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен Аюханов Б., Әлібек А., Аубакирова Ж., Билялов Е., Дәуешов Н., Нүсіпжанова Б., Маемиров А., Семенов А., Тшанов А. және т. б. марапатталды.

Шара соңында ведомоства басшысы қатысушыларды Конституция күні тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді көздің қарашағындай сақтауға шақыра отырып, отанымыздың дамуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңе жеміс тіледі.

по материалам: mks.gov.kz