1 қыркүйекте Қазақстанның барлық оқу орындарында Білім күні аталып өтеді. Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақ ұлттық өнер университетінде білім мерекесіне орай өткен салтанатты шараға қатысты.
Қазақ ұлттық өнер университетінде мектеп-колледж-бакалавриат-магистратура үздіксіз білім алу ұлттық үлгісі жүзеге асырылып келеді. 1-ші қыркүйекте жүздеген оқушылар мен студенттер еліміздің жетекші шығармашылық оқу орнының табалдырығын алғаш рет аттады.
Мәдениет және спорт министрі ҚазҰӨУ тәлім алушыларын Білім күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық, шығармашылық жетістіктер мен сарқылмас шабыт тіледі. Сонымен қатар өз сөзінде әр оқушының бәсекеге қабілетті болуы мен алдарына қойған мақсат-міндеттерге жетуде білімнің айрықша орнына тоқталып өтті.
Еске салып кетсек, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің шығармашылық оқу орындары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағына өтті.
по материалам: mks.gov.kz