Кешегі мен бүгінгінің сабақтастығы ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде өтеді

03.09.2015 11:43 1642

 

3 қыркүйек, 2015. Астана. Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, халықаралық  «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, Анар Әубәкірдің «Кешегі мен бүгінгінің сабақтастығы...» атты жеке көрмесі ашылады.  

Көрме шығармашыл жастарды қолдау мақсатындағы 2011 жылы                      ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің бастамасымен «Үкілі үміт», жастар шығармашылығын қолдау бойынша көрме жобасының аясында өтеді. Бұл жоба Музейдің қазіргі заманғы Қазақстанның мәдени жетістіктерін насихаттауға бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады. Сондықтан талантты жастардың өнерін қолдау қазіргі мәдени саладағы қажеттіліктердің бірі.

Анар Әубәкір Павлодар қаласындағы көркемсурет колледжін «дизайн бойынша сүретші - шебер» мамандығын тәмамдап,  Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «кескіндеме бакалавры» дәрежесін алған. «Кескіндеме магистрі» академиялық дәрежеге ие.

Өзінің еңбекқорлығымен бейнелеу өнерінен орындаған әсерлі шығармаларымен танымал болып келе жатқан жас шебер. А. Әубәкір бірнеше мәрте халықаралық және республикалық көрмелердің қатысушысы. Санкт-Петербург қаласында өткізілген «Санкт-Петербург өнері апталығы» конкурсының жеңімпазы. «Қазақстан өнерінің апталығы» конкурсында  ең үздік сурет туындысы аталымының жеңімпазы. Қазақстанның қалалары бойынша алғашқы рет ұйымдастырылған                «Art Sapar Art of Kazak Eli» көшпелі көрме жобасының ұйымдастырушысы. Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі.

Анар Әубәкір бүкіл ғұмырын қазақ халқының эпикалық символизм және реализм стилінде көрініс тапқан өнерін дамытуға арнады.  Халқымыздың талантты суретшісі, дархан дарын иесі жас қылқалам шебері өз ісіне деген адалдығымен  және еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Анардың бейнелеу өнеріндегі көркем шығармашылығын көз алдымыздан тізбектеп өткізетін болсақ, оның жұмыстарынан кешегі мен бүгінгінің арасын ұтымды ұштастыра білгенін байқауға болады.

по материалам: mks.gov.kz