Орта ғасыр археологиясының жаңа деректері: «Құлан» және «Отырар» қалашықтары.

02.09.2015 15:45 2867

Құлан қалашығы 26.08.2015 ж.

Құлан қалашығының Цитаделі мен Шахристанына қазба жұмыстары жүргізілді. Ол жерде 16 лаборант жұмысшы мен 5 археолог жұмыс атқарып жатыр.

Құлан қалашығының жалпы көрінісі  

 

Қазба цитадельдің солтүстік-батыс бөлігінде 300 м2 (15х15м) қамтып, кейіннен солтүстік-батыс және оңтүстік шығысқа қарай кеңейтілген. Қазбада 3 құрылыс горизонтының конструкциясы тазаланды. Ол шамамен бекініс типтес құрылыстың бөлігі болуы ықтимал. Құрылыс шамамен б.з. 6-7 ғасырларында салынған.

Қазба барысында 4 бөлме анықталған. 1 бөлмені тазарту барысында, бүлінген қабырғаның жоғарғы тұсы жақсы сақталған. 2.4 м., терең төмендікке дейін қазба жүргізіп, әлі едені табылмаған.

 

1 бөлме

 

2 бөлме. Бөлменің оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс қабырғаларында жабыстырылған декор бар. Оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыс қабырғасында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан, жабыстырылған декормен сәнделген текше бар. Текшенің оңтүстік-шығыс қанатының бөлігі сақталғанмен, үлкен бөлігі шығындалған. Текшенің жиегінде медальондар бар. Жабыстырылған декор әшекейлерінің өсу сипаты  бар. Солтүстік-батыс қабырғасының ленталық жиегінің аумағы жарым-жартылай екі бөлігінде сақталған. Оңтүстік-шығыс қабырғасының сылағы шығындалған. 2 бөлме 2.5 тереңдікте тазаланды. 

 

2 бөлме

 

3 бөлме. Бөлме тұрақты кірпіш қаландымен толтырылған. Қабырғалары мұқият сыланған және қабаты жұқа алебастрмен әктелген. Қабырғаның жоғары жағы кеміргіштердің іні мен құмырсқаның илеуі салынғандықтан зақымдалған. Қабырғаның оңтүстік-батыс бөлігінде адам бейнесі бейнеленген граффити анықталған. Оның ішінен билеушіні, жоғары мәртебелі тұлғаны және жауынгерді байқауға болады.  

3 бөлме барлық жағынан 1.5 м тереңдікте тазаланды. 2.5 м тереңдікте сыпа (үйдің ішіндегі жататын орын) анықталды.

3 бөлме

 

Бөлме 4 тік бұрышты, бекіністі бойлап салынған. Әзірше тек контуры ғана анықталған. Қазбаның жалпы көлемі қазіргі сәтте 20х15 м құрайды. Қазбаның ең терең жері 4.5 м жеткен. Бұл жерден шыққан құрылыстың ерекшелілігі сондай, оюлармен сәнделген, жақсы сақталған, толық суретті бейненің шығуы. Жабыстырма күйдірілген саз балшықтан айырмашылығы, ол күйдірілмеген және щетка тиген жағдайда да тез бұзылады. Ол бөлшектеуге және тасымалдауға болмайды. Нәтижесінде, жабыстырма мен insitu граффитиді сақтаудың маңызды мәселесі қарастырылуда.

Қазба 2. Қақпаның оңтүстік-шығыс жеріне 30х4 м құрайтын 2 қазба жүргізілген. Ол жерде Шахристан қабырғасы бекінісінің қалдықтары анықталған. Құрылыс өңделмеген қара-сұр түсті кірпіштен салынған. Қабырғаның кеңдігі 2.2 м құрайды. 0.7 м тереңдікте тазарту жұмыстары жүргізілген.

Бекініс қабырғасының артында бөлменің орны анықталған. Бөлменің ұзындығы 5.1 м құрайды. Бөлменің едені ақшыл-сары түсті саз балшықпен боялған. Еденде тандыр қақпасының кесегі шыққан. Сақталған қабырғаның солтүстік-шығыс бөлігінің биіктігі 0.23 м құрайды.

 

Отырар қалашығы 27.08.2015 ж.

Археологиялық қазбалар Отырар қалашығының солтүстік бөлігіне жүргізілген. Бір-бірінен алыс емес екі қазбада 10 лаборант жұмысшы мен екі археолог жұмыс жасады. Бірінші қазба қалашықтың жоғарғы бөлігінде жалпы көлемі 450 м2 аумақты алып жатыр. Екінші қазба 1969 жылғы стратиграфиялық шурфтың орнына, төменгі мәдени қабатты анықтау мақсатында салынған. Екінші қазбаның жалпы көлемі 45 м2 құрайды.    

Бірінші қазба. Қазба аумағында XV-XVI ғасырдағы Қазақ хандығының құрылу кезеңіне жататын қабат ашылуда. Қазбаның тереңдігі беткі қабаттан есептегенде 3.5 м құрайды. Қазбаның профилінде бірнеше құрылыс горизонттары анықталды. Олар әртүрлі биікте орналасқан тандыр-пештер мен санитарлы және тазалағыш құрылғы «ташнау» болғаны анықталды.

Жұмыс барысында, 0.5 м тереңдікте жасыл, көк, қоңыр түсті жылтырақ керамикалардың сынықтары табылған. Олар қазандардың, құмыралар мен көзелердің фрагменттері екені анықталды. Зерттеу барысында керамикалардан өзге диаметрлері мен сақталу деңгейі әртүрлі 7 мыс тиын сондай-ақ, әйнектер мен қоладан, темірден сүйектерден жасалған (жануарлардың, негізінен ұсақ мүйізді малдардың сүйектері) фрагменттер шыққан.

Екінші қазба. Қазбаның аумағында, шамамен алғанда, VІ ғасырға жататын қабат ашылуда. Қазба ескі стратиграфиялық шурфтың оңтүстік жағында жүргізілуде. 1 м биіктіктегі жақсы сақталған өңделмеген кірпіштен қаланған қабырғалар анықталған. Қазбаның территориясында – батыс және шығыс екі бөлмесі табылды. Батыс бөлмеде жақсы сақталған еден табылған. Ол сары сазды бояумен боялған. Ал жоғары жағында жұмыс барысында күйген табақтың қалдықтары табылған. Яғни, бұл жерде өрт болғандығын дәлелдейді. Қазба кезіндегі шыққан материал қызыл түсті ірі су сақтағыш, тұтқасы бар керамиканың қалдығы екені айқындалды. Одан бөлек ірі тостағандардың сынықтары табылған. Сонымен қатар, сүйектен жасалған фрагмент пен бір қола тиын табылған.