27 тамыз күні Қазақстанның бірқатар мәдениет пен ғылым қайраткерлері «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

28.08.2015 18:30 1970

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі V сайланымының депутаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқығы Комиссиясының Төрағасы Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы Қазақ ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары, философия ғылымдарының докторы Шаханова Нұриля Жақсыбекқызын «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.

Андрей Равильевич Хазбулатов пен Шаханова Нұриля Жақсыбекқызын жоғары марапат алуымен құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!