Австрия Республикасының білім стипендияларына байқау басталды

10.09.2015 09:47 1634

 

9 қыркүйек, 2015. Австрия елінің резиденттері болып табылмайтын шығармашылық мамандық өкілдеріне арналған білім гранттарына байқаудың басталғандығы жөнінде хабарлайды. «Artists in Residence Programm 2016» байқауы Австрия Республикасының Федералды Канцлері Ведомствасымен (АР ФКВ) бекітілген.  

АР ФКВ КультурКонтакт Австрия (KulturKontakt Austria) ұйымымен бірлесе бөлген 2016 жылға арналған 50 стипендия оқуын бітіріп, Австрияның резиденттері болып табылмайтын шығармашылық мамандықтардың өкілдеріне арналған. Байқауға қатысуға Австрия азаматтары жіберілмейді. Оқу Вена және Зальцбург қалаларында өтеді.

Бағдарлама мақсаты – бағдарламаларға қатысушылардың өз жобаларын жүзеге асыру. Қатысушылар міндетті түрде неміс және ағылшын тілін бастапқы деңгейде білулері қажет. Үміткерлердің жасы 40-тан аспауға тиіс (31.12.1975 ж. кейін дүниеге келген).

Өтініштер бағдарламада көрсетілген бір бөлім бойынша ғана берілуі мүмкін. Өтінішті беру кезінде аталмыш бөлімге тиісті талаптар қатаң қадағалануы қажет.

по материалам: mks.gov.kz