11 қыркүйек, 2015. Астана. Бүгін Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.
Тәуелсіздік Сарайындағы салтанатты жиын — Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған мерекелік шаралар қатарының қорытынды кезеңінің бірінші іс-шарасы.
Жиынға мемлекеттік органдар дың өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс және Сенатының депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, шығармашылық интеллигенция мүшелері, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, аймақтар, отандық спорт өкілдері, мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Шараға шет елдердің мемлекет басшылары, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, әйгілі ғалымдары, елдерінің мәдениет, ақпарат, білім және ғылым министрлерінен тұратын халықаралық қауымдастық та болды. Олардың арасында Қырғызстан Республикасының Президенті А. Атамбаев, Әзірбайжан Республикасының Президенті И. Әлиев, т. б. бар.
Шетелдік және қазақстандық БАҚ өкілдері де салтанатты жиынды ақпараттандыру мақсатында жиналды.
Еске салып кетсек, Қазақ хандығының 550-жылдығын тойлау идеясы туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың қазан айының соңында айтқан болатын. Елбасының тапсырмасымен ҚР Үкіметінің арнайы қаулыларымен 2015 жылы Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойын дайындау мен өткізу бойынша Республикалық комиссия құрылып, Іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жоспарға сәйкес, республиканың барлық аймақтарында Қазақ хандығының пайда болуы мен құрылуына арналған 50-ден астам халықаралық, республикалық және облыстық ғылыми-практикалық конференциялар, 300-ден астам мәдени шаралар өтті. Олардың қатарында мерекелік концерттер, республикалық және облыстық айтыстар, музыкалық және әдеби кештер, республикалы, облыстық және аудандық мұражайлардағы түрлі көрмелер, фестиваль, байқаулар және т. б. бар.
Сонымен қатар Қазақтанның шетелдегі елшіліктері мен дипломатиялық өкілдіктері 40-тан астам тақырыптық шаралар ұйымдастырды. Мерейтойлық шаралар Ресей, Түркия, АҚШ, Монғолия, Ұлыбритания, Нидерландылар, Польша, Қытай, Белоруссия және т. б. елдерде өтті.
по материалам: mks.gov.kz