Нью-Йоркте «Дешті Қыпшақ: Құпия белгілер» фильмінің тұсауы кесілді

24.08.2015 12:35 2038

 

Американдықтар Қазақстан тарихының беймәлім тұстарын ашуда. Нью-иорктегі голиивудтық әйгілі актер және продюсер Роберт Де Нироның «Трайбека фильм» киностудиясында «Қазақ хандығына 550 жыл» деректі фильмінің бірінші серияларының тұсаукесері өтті.

Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы бойынша түсірілген бірегей жоба. Мұнда қазақ мемлекетінің қалыптасу кезеңі бейнеленген.

Біздің еліміздің мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен фильмді түсіру үшін Италия, Армения және Украинаға шығармашылық экспедиция ұйымдастырылған болатын. Бұл мемлекеттерде қазақ хандығына қатысты ежелгі қыпшақ және басқа тілдердің тарихи-мұрағаттық құжаттары сақталған.

Бұл жобаның аясында фильм сценариінің авторы мен режиссері Бақыт Қайырбеков он кинолентаны дайындауды жоспарлап отыр. Ал, әзірге американдық көпшілік «Дешті-Қыпшақ: Құпия белгілер» деректі картинасының бірінші сериясымен танысуда.

Біздің АҚШ-тағы меншікті тілшіміз Майра Абдрахманованың айтуынша Нью-Иорктың белгілі продюсерлері мен киносыншылары қазақстандық фильмді қазақстардың шынайы тарихының көрсетілген деген баға берген.

Олар, Ұлы Жібек жолы арқылы сауда жасаған көпестерді, яғни батыс пен шығыс арасында қолданыста болған қыпшақ тілі жайлы мағлұмат алды. Фильмді жасақтау барысында Қазақстанның ұлттық академиялық кітапханасы қатысқан болатын. Ол жерде жақсын арадан бері «Кодекс Куманикус» бірегей құнды жазбасының көшірмесі сақталуда.

Бұл кітаптың тағдыры жайлы белгілі түркітанушы ғалым Александр Гаркавец айтып өтеді. Фильмнің тұсаукесері нью-иорктік көпшілікті қызықтырды.

Андрей Хазбулатов, қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры

- «Көпшіліктің Қазақстан тарихына деген қызығушылық танытуы қатты қуантады. Деректі фильмде біз заманауи Қазақстанның әлемдік мәдениет пен тарихқа, геосаясатқа қосқан үлесін көрсеткіміз келді. Фильмді әзірлеуге Жібек жолы бойынша жетекші мамандар, ғалымдар, сарапшылар қатысты. Түсірілімдер Италиядағы Марчиана кітапханасында және Украинаның мұрағаттарында жүргізілді. Ол жақта ежелгі жәдігерлердің қолжазбалары көп сақталған және ол фильмде көрсетіледі.»

Алла Верлотски, «SeagullFilms» киностудиясының президенті

- Мен үшін бүгін Жібек жолындағы итальяндық байланысты, қыпшақтардыі қрымдық және татарлық байланыстары жайлы білу өте жағымды болды. Бұл өте маңызды және осы уақытқа дейін көпшілікке беймәлім болып келді. Өз халқының хаттары мен құжаттарыны негізінде мемлекет құрылады. Сол себепті бірінші бөлімде олардың «Сөз болды» дегені мені қуантты. Меніңше, сөзден бастау бұл дұрыс. Бұл жазбалар, қолжазбалар, тарих жобаның барлығын қамтиды және бұл дұрыс бастама.

Рафис Абазов, Колумбия университетінің профессоры:

- Меніңше, американдық аудиторияда көрсету үшін бұл фильмде үш маңызды сәт бар. Біріншіден, біз Жібек жолы туралы айтамыз. Ең бастысы ол барлық адамдар мен мәдениеттің басын біріктіреді. Ол әлемге бейбітшілік алып келеді. Екінші компонент ол өте маңызды. Ол

жаһанданудың жаңа құбылыс емес екенін, ежелден бар екендігін дәлелдейді. Үшінші компонент – бұл қазақстандық кинематографистер, мәдениеттанушылар, және осы фильмге қатысы барлардың Қазақстанның әлемдік мәдениетке қосып жатқан үлесін айқындайды.




 

 

по материалам: khabar.kz