Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі “Nikolya Шоколад Музейі” көрмесіне шақырады

22.09.2015 10:09 1688

 

21 қыркүйек, 2015. Алматы. Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музйі мен “Nikolya” шоколад музейі” алғаш рет Қазақстанда, танымал шебер-шоколатье Николай Поповтың шоколадтан жасалған заттарының көрмесінің ашылуын Алматы қаласы күніне орайластырып отыр.

Әлемдік турне шеңберінде "Nikolya шоколад музейі" атты авторлық көрме әлемнің 40-тан астам қалаларында болып, оны 500.000-нан астам көрермен тамашалады. Енді Алматы қаласының тұрғындары мен оңтүстік астанамыздың қонақтары шоколад тарихымен және танымал шебер-шоколатье Николай Поповтың шоколадтан жасалған заттарымен танысып қана қоймай, түрлі акциялар мен мастер-класстарға қатысу, сондай-ақ өз қолдарымен шоколадтан түрлі бірегей заттар жасау мүмкіндігіне ие болады.   

“Nikolya шоколад музейі” көрмесінде өте жоғары сападағы шоколадтан жасалған 300-ден астам өнер туындылары көрсетіледі. Жалпы салмағы 700 кг-нан астам шоколад пен марциран мүсіндер, шоколад багеттермен жиектелген картиналар, шоколад миниатюралар, инсталляциялар, композициялар және т.б.

Аталмыш көрмеге арнап, сондай-ақ Алматы қала күні мерекесіне орай, танымал шебер  Nikolya Қазақстан Республикасы мен біздің әсем қаламызға арнап шоколадтан жасалған өнер туындыларының бірнеше топтамасын жасады. Олардың қатарына Мемлекеттік орталық музей экспозициясында тұрған қазақтың ұлттық әшекей бұйымдары, бас киімдері мен киім-кешектері сияқты заттық мәдениеттің үлгілерінің школадтан жасалған көшірмесі қойылады.  

Көрме барысында келушілер танымал мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен авторлық шеберлік сыныптарға қатысып, Алматы қаласына арналған шоколадтан жасалған бірегей экспонаттардың тұсаукесерінің қонағы атанады.

Картиналар, музейдің шоколадтан жасалған экспонаттары, мүсіндер мен шоколад инсталляциялар бізді «Nikolya шоколад музейінің» таңғажайып қиял әлеміне алып барады. «Алматы қаласы күніне» орай көрмеге келуші алғашқы 1000 адам көрме ұйымдастырушыларынан бірегей шоколадтан жасалған кәдесыйлар алады.        

Көрме 2015 жылдың 23 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді.

по материалам: mks.gov.kz