«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» атты Абай мұражайының көрмесі Алматыда

22.09.2015 10:08 1922

 

2015 жылғы 18 қыркүйекте Алматы қаласы «Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар мұражайында Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» атты көрмесі ашылды.

Көрме Ұлы ақын Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай және «Алматы – Ислам мәдениетінің астанасы 2015» шарасы аясында ұйымдастырылды.

Көрмені ашылу салтанатында «Ғылым ордасы» РМК Бас директорының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Н.Б.Сейдін, Абай қорық-мұражайының директоры, ф.ғ.к. Ж.М.Әубәкір, жазушы, абайтанушы, дінтанушы-ғалым, қоғам және Мәдениет қайраткері, «Қағанат» консорциумының президенті Б.Т.Сапарәлі, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, Абайтану және жаңа дәуір әдебиет бөлім меңгерушісі, ф.ғ.к.С.С.Қорабай, Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының қызметкері Д.А.Әлиев, Халықаралық қазақ тілі қоғамының вице-призиденті, ф.ғ.д, профессор Е. Қажыбек, «Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар мұражайының меңгерушісі Ә.Бекішев сөз сөйледі.

Ашылу салтанатынан кейін Абай қорық мұражайының ғылыми қызметкерлері «Отанды сүю – иманнан» деп, елін-жерін шын қастерлеген отаншыл кемеңгер ақынға арналған бұл көрмеден «Абай және шығыс әлемі», «Абай қалыптастырған ақындық орта» және «Абай шығармаларының Ислам дінімен сабақтастығы» тақырыптарындағы деректер, қазақ даласындағы медреселер тарихы, оның ішінде, Абай оқыған Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесі туралы материалдар туралы экскурсия жүргізді.

Көрмеге белгілі  ғалымдар, ақын, ф.ғ.к., С. Мұқанов Ғ. Мүсірепов музейінің директоры Ә.Ж.Қайырбеков, Мысыр-Араб республикасы елшілігінің мәдени атташесі Х.Ибрахим, Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті қызметкерлері, Иран мәдени өкілдігінен М.Хеммати, Ұлттық кітапхананың Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің қызметкерлері, С.Бегалин атындағы балалар кітапханасының қызметкерлері, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалымдары, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Е.Әлімқұлов, Алматы қаласының мұражай қызметкерлері және тағы басқа қала қонақтары қатысты. 

по материалам: mks.gov.kz