22 қыркүйек, 2015. Алматы. Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында Қазақ Ұлттық өнер университетінің Еуразиялық студенттік симфониялық оркестрі өнер көрсетеді. Қазақстандық маэстро Айдар Торыбаев оркестрдге дирижерлік басшылықы ететін болады.
Концерт бағдарламасына Қазақстанда аса көп таралмаған, алайда шетелде өте танымал композициядар кіреді. Классикалық музыканың алматылық жанкүйерлері французы композиторы Эдуардо Лалоның скрипкаға арналған «Испания симфониясы» туындысын, орыс композиторы, пианиношы шебер Сергей Рахманиновтың симфонияларын, қазақ классикалық музыкасының өшпес жұлдызы Тілес Қажғалиевтің музыкалық жауһарларын тыңдайтын болады. Сонымен қатар тыңдармандарға жас қазақстандық дарын иесі Рахат-Би Әбдісағынның «The Will to Live» № 3 ля минор, 44 шығармасы ұсынылады.
Алматыдағы дәстүрге айналған музыкалық өнердің мерекесінде Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік жүлделердің лауреаты, профессор Айман Мұсаходжаева (скрипка) және халықаралық байқаулардың лауреаты Рахат-Би Әбдісағын (фортепиано) кеш солисттері болады.
Айтып кету керек, Еуразиялық студенттік симфониялық оркестрі аталмыш концерттік бағдарламасын осы жазда Испанияда өткен оркестрлер фестивалінде ұсынып, көрермендер тарапынан зор ілтипатқа бөленген болатын.
Еске салып кетсек,, Еуразиялық симфониялық оркестрі 2008 жылы Қазақ ұлттық музыка академисяның 10-жылдығы қарсаңында құрылған болатын. Оны құру идеясын Халық әртісі, «Еңбек Ері" құрметті атағының иегері, профессор Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Айман Мұсаходжаева білдірді. Салыстырмалы түрде алғанда қысқа тарихы ішінде оркестр Гранада, Испания, Корея, Ресей, Түркия, АҚШ, т. б. секілді шет елдерінде тамаша өнер көрсеткен болатын.
Рахат-Би Әбдісағын — жас дарынды композитор. Оның шығармалары айрықша ырықсыздық, асқан саздылық және үйлесімділікпен ерекшеленеді. Он алты жасар композитор, фортепианода дарынды орындаушы «Barvy Prahy» (Чехия), «Musica in Laguna» (Италия) байқауындағы бірегей «Креативность и композиция» номинациясының Гран-при, «Астана Мерей» байқауының «Фортепиано» және «Композиция» Гран-при жүлделерінің иегері. 2014 жылы ол «Шабыт» Шығармашылық жастар фестивалінің Гран-при жүлдесін ұтып алды.
по материалам: mks.gov.kz