Астанада 28-ші Бүкіләлемдік жазғы Универсиаданың жүлдегерлері марапатталды

25.09.2015 09:52 1712

 

 

22 қыркүйек, 2015. Астана. Кеше Тұңғыш Президент кітапханасында Кореяның Кванджу қаласында өткен 28-ші Жазғы универсиада ойындарынан жеңіспен оралған Қазақстан құрамасының мүшелері марапатталды.   Қазақстандық команда мүшелері  алты алтын және төрт қола жүлдеге қол жеткізді.

Отандық құрама 146 елдің ішінде 11-ші орын иеленді.

Спортшыларды марапаттаған Мәденет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов соңғы жылдары Универсиада ойындарында Қазақстан алдыңғы 10-20 команданың арасында жүргенін және бұл жақсы жетістік екенін атап өтті.

«Жалпы, дүниежүзілік Жазғы және Қысқы универсиада ойындары -дәрежесі мен мәртебесі бойынша Олимпиада ойындарынан кейін тұратын жарыс. Және осындай үлкен жарыстарда Қазақстанның студенттері мен жастары жыл сайын медаль санын көбейтіп, туымызды желбіретіп жүргені өте қуантады», - дейді Е.Қанағатов.

28-ші жазғы Универсиадада жерлесіміз - жеңіл атлет Виктория Зябкина 100 және 200 метр қашықтыққа жүгіруден қатарынан екі алтын медаль жеңіп алған. Эстафетаға қатысқан Юля Рахманова, Светлана Иванчукова,Анастасия Тулпанина мен Виктория Зябкина бірге Қазақстанның үшінші алтын жүлдесін иеленді. Сонымен қатар, сырықпен секіруден Никита Филлипов, таэквондо өнерінен Нұрсұлтан Мамаев және суда жүзген Дмитрий Баландиндер командаға тағы үш алтын медаль сыйлады. Дмитрий Баландин бұл алтын жүлдесі арқылы Рио Олимпиадасына жолдама ұтып алды.

Қола медаль иелерін атап өтсек, олар - Жанар Қашқын, Дмитрий Баландин, қыздар арасында командамен стенд атудан Әсем Орынбай, Жәния Айдарханова, Ангелина Мищук, ерлер құрамасындағы стенд атудан Андрей Флоров, Александр Ященко, Владимир Почиваловтар.

по материалам: mks.gov.kz