ҚР Ұлттық музейі «Түрікмен суретшілерінің әлеміне» шақырады

25.09.2015 09:52 1575

 

25 қыркүйек, 2015. Астана. 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ТүрікменстанБейтараптылығының 20 жылдығы аясында «Түрікмен суретшілерінің әлемі» атты көркем өнер туындылары көрмесінің ашылу салтанаты болды.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай, Түрікмен Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Магтымгулы Акмырадов қатарлы лауазымды тұлғалар және өнер мен мәдениет қайраткерлері қатысты.

«Түрікмен суретшілерінің әлемі» көрмесін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Түрікмен Республикасының Қазақстандағы Елшілігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастырып отыр. Салтанатты шарада сөз алған Түрікмен Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Магтымгулы Акмырадов Ұлттық музей қабырғасынан түрікмен суретшілеріне орын беріп, көрме ұйымдастырған қазақ халқының туысқандық ізгі ниетіне рахметін айтты.

Көрмеге түрікмен суретшілерінің 40-тан астам кескіндеме және декоративті-қолданбалы өнер туындылары қойылған. Тәуелсіздік алғаннан кейін Түрікменстанның бейнелеу өнерінде түбегейлі өзгерістер болды. 1994 жылы алпысыншы жылдар суретшілерінің бастамашылығымен және мемлекеттің жан-жақты қолдауымен суретшілердің, мүсіншілердің, дизайнерлер мен сәулетшілердің талантты жас буынына жол ашып берген Түрікменстан Республикасының Мемлекеттік көркемөнер академиясының негізі қаланды.

Түрікмен өнерінің ұлттық ерекшелігі Ч. Амангелдиевтің, Я. Байрамовтың, К. Оразнепесовтың, А. Одаевтың, Г. Бабиковтың, К. Сейитмұхаммедовтың және Е. Адамованың туындыларында тұнып тұр. Бұл шеберлердің картиналары олардың өздері жасаған көркем әлеміндегі жеке күйзелістері, күйбің тіршілікті бейнелі қабылдауысындылирикалық сарындарға толы. Көрме экспозициясы шеберлердің аға буыны мен шығармашылығы Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан суретшілердің жаңа саңлақтарының туындыларынан тұрады.

Көрме ашылмас бұрын Түрікмен және Қазақстан суретшілері баспасөз конференциясын ұйымдастырды. Мұнда екі ел суретшілері мен өнер адамдары қазіргі кескінде және сурет өнері жайлы пікір алмасқан болатын.

Көрме 23 қазанға дейін жалғасады.

по материалам: mks.gov.kz