«Абай оқулары» байқауына еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары (барлығы 16 үміткер) қатысты.
Республикалық кезеңнің аясында байқауға қатысушылар өз білімдері мен шеберліктерін келесі тапсырмалар бойынша көрсетті:
-Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа оқыды;
- «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзіндіні көркемсөз оқу талаптарына сай шеберлікпен орындады;
- Абай әндерін немесе халық әндерін шырқады.
Байқау қатысушыларының жұмысы мен жеңімпаздарын Абайтанушы ғалымдар мен тіл жанашырларынан тұратын қазылар алқасы бағалап, анықтады. Оларды диплом, алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Сонымен Бас жүлдені жеңіп алған Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы- Мауленқұл Мавлуда Мамыржанқызы -170 000 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталса, 1- орынды иеленген Шығыс Қазақстан облысы Кульнева Мария Николаевна -140 000 теңгені, 2- орынды иеленген Ақмола облысы - Сломинская Анастасия Вальеревна-110 000 теңгені, 3–орынды иеленген Атырау облысынан келген Михайлова Наталья Алексейқызы - 90 000 мың теңгені қанжығасына байлады. Байқауға белсене қатысқан 4 үміткерге алғыс хаттар беріліп 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды. Олар: Батыс Қазақстан облысы – Карнаухов Владислав Александрович; Қостанай облысы – Смаковая Анастасия Петровна; Қызылорда облысы – Мурсалова Чинар Мердясқызы; Павлодар облысы – Коструба Дина, ал қалған үміткерлер қатысқаны үшін 30 000 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алды.
по материалам: mks.gov.kz