Жібек жолы форумы – Евразия елдерінің мәдени ынтымақтастығының платформасы

18.09.2015 10:45 1948

14-15 қыркүйекте Мәскеу қаласында Жібек жолының ІІ Халықаралық мәдени форумы өтті. Форумға Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры А.Хазбулатов пен оның орынбасары А.Төлеш қатысты.

Форум мәдениет қайраткерлері мен мәдениеттанушы ғалымдар, қоғам өкілдерін, іскер топтар және мемлекеттік құрылымдар арасында білім, ғылым, мәдениет саласындағы ұлттық құндылықтарды бірігіп пайдалануға мүмкіндік туғызады.

Алғашқы кездесу өткен жылы Қазақстан астанасы Астанада өткен еді. Оған Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттерінің өкілдері қатысты. Мәскеудегі форумның өкілдігі айтарлықтай кеңейген. Оған қатысуға 16 мемлекет, соның ішінде Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Тәжікстан, Түркия, Германия, Үндістан, Иран, Моңғолия, Шри-Ланка, Пәкістан сынды елдер қызығушылық танытты. Форумға қатысушылардың ішінде белгілі саяси қайраткерлер, мәдениет мекемелерінің жетекшілері, министрлер, қала әкімдері мен іскер топтардың өкілдері болды. Форумның жұмысына Ресей үкіметі басқармасының орынбасары О.Ю. Голодец қатысты.

Форумды – Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі Арнайы өкілі Михаил Швыдкой және Қытай Жібек жолы қорының бас хатшысы Чжан Синлань жүргізді.

Форумға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің атынан алғы сөзді Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов оқыды.

Форумның бас тақырыбы – «Әріптестікті дамыту. Мәдени ынтымақтастық аясындағы бірлескен жобаларды әзірлеу». Секция саларындағы пленарлық отырыс пен талқылаудың негізгі тақырыптары арналған, олардың ішінде «ХХІ ғасырдағы Музейлер», «Еуроазияттық аймақ кітапханаларының ынтымақтастығы», «Жібек жолының туристтік ресурстарын қолдану» және т.б. Форумның аясында мемлекеттік құрылымдар мен қалалардың әкімдері бөлек жиналыс жасады. Олар халықаралық мәдени алмасу мәселелерін және азаматтық қоғамдағы институттардың өзара байланыстарын талқылады.

Бірқатар кездесулер мен пікір-таластардың нәтижесі болып тең құқықты қағиданы жариялайтын, ашық, дамуға бет алған, гуманитарлы ынтымақтастық салалары бойынша түрлі халықтардың қарым-қатынастарын өзара құрмет пен тиімділікке бастайтын – «Мәскеулік консенсус» қорытынды құжаты жарияланды.

Форумдағы идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттер арасында жаңа үкіметтік емес құрылымы – «Евразия – Жібек жолы» Мәдени ынтымақтастық ұйымын» құру туралы шешім қабылданды. Оның құрылуы мәскеулік форумның негізгі қорытындысы болды. Жаңа коммерциялық емес құрылымды құрушы болып ТМД-ға қатысушы елдердің Мемлекетаралық гуманитарлы ынтымақтастығы қоры, А.М. Горчаков атындағы ресейдің көпшілік дипломатия Қоры, Қытай халықтық мәдениет пен өнер Қоры, Қытайдың Жібек жолы қоры, «Синьао» қытай корпорациясы және Қазақстан халқының рухани даму қоры болды. Жаңа мекемені құру туралы салтанатты келісімге қол қою форумның пленарлық отырысы аясында болды. Құрушылардың пікірінше, ұйым Евразия елдері арасында гуманитарлы ынтымақтастықты жан-жақты дамытатын халықаралық кооперация болуға тиіс.

Мәскеулік форум үлкен мәдени бағдарламамен өтті. Крымский вал көшесіндегі Орталық суретшілер Үйінде форумға қатысушы елдердің жас суретшілері арасында «Біздің жолымыз арманға бастайды» атты көрмесі болды. Оған Ресей мен Қытайтың жетекші оқу орындарының: В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық институты мен Қытай орталық бейнелеу институты студенттері куратор болды. Форумның соңында Халықаралық Жібек жолы симфониялық оркестрінің Үлкен театрдағы жаңа сахнасында құрамында 14 мемлекеттің музыканттарының өнері тамашаланды. Оркестрді

Ресейдің халық әртісі, ресей мемлекеттік кинематография оркестрінің бас дирижері Сергей Скрипка басқарды. Концерт 14 қыркүйек сағат 19.00 болды.