5 қазан, 2015. Астана. 2015 жылғы 1 және 6 қазан аралығында BEST WESTERN PLUS ChateauGranville (Ванкувер, Канада) Аутизмді қолдауға бағытталған алтыншы жыл сайынғы фестиваль өтіп, Аутизм Халықаралық Қауымдастығының дарындарын әлемге паш етуде.
2015 жылдың 2 сәуірі - Аутизм Мәселесі туралы Ақпараттың Таралу күнінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун кәсіпкерлерді аутизмі бар адамдардың дарындарына қолдау көрсетуге шақырды.
25 мемлекеттің өкілі аталмыш диагнозы бар адамдардың мүмкіндіктерін көрсету мен тойлау үшін басын қосады. Презентациялар, түрлі шаралар, жұмыс топтары кезінде қатысушылар байланыстар орнату мүмкіндігіне ие болады.
Аутизм Қауымдастығы Фестивалінің қойылымдары Гранвил Айлендте (Ванкувер, Канада) орналасқан PerformanceWorksTheatre театрында өтеді.
Биылғы AWAF (ANCA® World Autism Festival™ — Vancouver, BC) фестиваліне Қазақстан өкілдері де қатысатын болады. Қаратай Әлібек -Аспергера синдромы диагнозы қойылған жігіт. 9-шы сынып оқушысы, жасы 17-де. Ол өз қолымен ермексаздан кейіпкерлер жасап, анимациялық фильмдер түсіруде айтарлықтай жетістікке жеткен. Ерте балалық шағынан ермексаздан мүсіндер жасаумен шұғылданады. Болашағын анимация өнерімен байланыстырады.
Шараға арналған ресми сайтта Әлібек туралы былай жазылған:
Сайтқа күнделікті біз Қазақстан, Пәкістан, Үндістан және жер шарының қарама-қарсы бөлігінде орналасқан Австралия, Филиппиндер, Уругвай секілді елдерден келетін бірегей делегаттар мен номинанттарымыз туралы ақпарат орналастырамыз. Бүгін сайтымызда Қазақстаннан келетін Әлібек Қаратай.
Вот что сказано на сайте этого мероприятия: http://www.naturallyautistic.com/showcasing-2015-inap-nominees-2015-awaf-delegates/
Фестиваль жұмысына Ванкувердегі Қазақстан диаспорасы да атсалысатын болады. Олардың бірі Әлібекті волонтер ретінде алып жүріп, оған ағылшын тілінде араласуға көмек көрсетеді.
Сонымен қатар Әлібекті алып жүретін «Ашық Әлем» Аутизм диагнозы бар және дамудағы ақаулықтары бар Қазақстан балалары мен жасөспірімдеріне көмек беру және қолдау көрсеті Қоғамдық Қорының өкілдері аутизм халықаралық қауымдастығымен байланыстарын кеңейтіп, аутизмі бар адамдар/балаларды қалпына келтіру және оларға жаңа мүмкіндіктер ашуда көптеген жаңа ақпарат пен тәжірибе жинақтауды жоспарлап отыр. Нақты айтқанда, фестиваль кезінде Канаданың адаптивті сырғанау Президенті және Канададағы Қазақстан елшілігінің (Оттава қ.) өкілдерімен кездесу өткізу белгіленген.
«Ашық Әлем» ҚҚ - аутизм диагнозы бар балалардың ата-аналарымен 2010 жылы құрылған үкіметтік емес ұйым. Қордың басты мақсаттарының қатарына аутизммен ауыратын және дамудағы өзге ақаулықтары бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау және оларға психологиялық, әдістемелік, медициналық және өзге де көмек көрсету, Қазақстан Республикасының аутистикалық ақаулықтары бар балалар мен жасөспірімдерге қатысты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға атсалысу мен қолдау көрсету жатады.
по материалам: mks.gov.kz