2015 жылдың 1 қазанында Ванкувер қаласында (Канада) Аутизмі бар адамдар жетістіктерінің халықаралық фестивалінің ашылуы өтті. Қазақ диаспорасы аталмыш шарада Қазақстанда дүниеге келген шебер домбырашы Валентин Агеннің өнер көрсетуін ұйымдастырды.
Қазақстан диаспорасы аутизмі бар адамдарға арналған фестивальға Қазақстаннан келген жалғыз қатысушы Қаратай Әлібекке кең қолдау көрсетті. олар В. Агеннің өнер көрсетуін ұйымдастыру арқылы халықаралық қауымдастыққа біздің мемлекетімізде де дамудағы ақаулары бар балалар мен жасөспірімдерге қолдау көрсету мен көмек беруге зор көңіл аударатындығын көрсетті.
Валентин Аген Қазақстанда дүниеге келді. Ерте балалық шағында ол отбасысымен бірге Канадаға қоныс аударды. Бірнеше шетел тілдерін меңгеріп, түрлі музыкалық аспаптарда, соның ішінде домбырада да ойнаумен шұғылданады.
21-жасар музыкант өз болашағын шетелде қазақ ұлттық музыкасын насихаттаумен байланыстырады. Қазірдің өзінде оның Youtube-тегі арнасына 2 мың қолданушы жазылып, бірнеше жүз мың көрермен бейнебаяндарын тамашалаған. Валентин қазақ ұлттық аспаптары мен заманауи батыс музыкасын бірлесе қолданатын тұңғыш шетел әртісі болуды мақсат етеді.
Фестивальға қатысушы халықаралық көрермендер Канададағы қазақ қауымдастығы өкілінің домбырамен өнер көрсетуін тамсана тамашалады.
по материалам: mks.gov.kz