Абай қорық-мұражайында «Мұхтар мұрасы - адамзат байлығы» атты аймақтық білім сайысы өтті

01.10.2015 14:10 1830

 

2015 жылдың 30 қыркүйегінде Абай қорық-мұражайында «Мұхтар мұрасы — адамзат байлығы» атты аймақтық білім сайысы өтті.

Төртінші рет ұйымдастырылып отырған сайысты өткізудегі басты мақсат — классик жазушы, ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін келешек жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау. Байқауға жас ізденушілер, колледж студенттері және мектеп оқушылары шақырылды.

Байқауға қатысушылар «М.О.Әуезов өмірбаяны», «Абай, М. О.Әуезов шығармаларының шығу тарихы», «М.О.Әуезовтің қоғамдағы қызметі", «М.О.Әуезовтің әдеби мұрасы», «М.О.Әуезовтің ғылыми еңбектері" және «М.О.Әуезов бейнелеу өнерінде» тақырыптары бойынша бақ сынасты. 

Байқауға үш номинация бойынша 62 үміткер қатысып, келесідей қорытындылар жасалынды:

І. Мәнерлеп оқудан (Мұхтар Әуезовтің шығармаларынан үзінді)

І орынды — № 13 орта мектеп оқушысы Б.Қамзанова, ІІ орынды — № 47 мектеп оқушысы А. Оңдабаева, ІІІ орынды № 38 мектептің оқушысы М.Өмірғалиева иеленді.

ІІ. Ақындар мүшәйрасы бойынша (М.Әуезов шығармаларындағы елді мекендер мен кейіпкерлеріне байланысты шығармалар) І орынды — № 39 орта мектеп оқушысы М.Үмбетова, ІІ орынды — М. О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенті Қ.Еркінұлы, ІІІ орынды — № 47 орта мектебінің оқушысы А. Көпенова иеленді.  

ІІІ. Қолөнер байқауы бойынша (М.Әуезов шығармашылығы желісімен жасалған қолөнер туындылары) І орынды №39 мектеп оқушысы З. Турсинбекова, ІІ орынды М. О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенті М. Секенова, ІІІ орынды № 15 мектеп оқушысы Б. Оралбеков иеленді. Жүлделі орын алған қатысушалар бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталып, қалған қатысушыларға сыйлықтар берілді.

 по материалам: mks.gov.kz